ҰБТ тапсырушы түлектердің 2 мүмкіндігі бар
ҰБТ адам өмірін өзгертпейді. Тек мамандық пен оқу орнын және шекті балл таңдауға ықпалын тигізеді. 1 сынып пен 11 сынып аралығындағы жинаған біліміңіз тестілеу кезінде жинаған балыңыздың қорытындысы ретінде белгіленеді.
ҰБТ білім жүйесіне енгізілгелі түлектердің арасында түрлі жағдайлар орын алған болатын. Уайымға салынып, жүйкелері сыр беріп, аз балл алып қалғаны үшін өмірімен қоштасқысы келгендер де кездесті. Әрине, білім алдымен сіздің танымыңыз, қабілетіңіз, тіпті абыройыңыз десек те болады. Жоғары балл жинап, грантқа түссеңіз отбасылық қаражатты үнемдеу арқылы үлкен көмек көрсетесіз. Ал 11 жыл алған шексіз біліміңіз шекті балға жетпей жатса, өміріңізді қиындатудың қажеті жоқ.
ҰБТ білім жүйесіне енгізілгелі түлектердің арасында түрлі жағдайлар орын алған болатын. Уайымға салынып, жүйкелері сыр беріп, аз балл алып қалғаны үшін өмірімен қоштасқысы келгендер де кездесті. Әрине, білім алдымен сіздің танымыңыз, қабілетіңіз, тіпті абыройыңыз десек те болады. Жоғары балл жинап, грантқа түссеңіз отбасылық қаражатты үнемдеу арқылы үлкен көмек көрсетесіз. Ал 11 жыл алған шексіз біліміңіз шекті балға жетпей жатса, өміріңізді қиындатудың қажеті жоқ.
Бұған дейін өткен жылдардағы ҰБТ да болған түрлі кемшіліктерді негізге ала отырып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтарды атады. Еліміздің бас ұстазы Facebook әлеуметтік парақшасында: «Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді» деді.
Сондай-ақ, ол сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын жеткізді. Соңғы жылдардағы сұрақтар бірыңғай жаттанды, бұрынғы сұрақтардың фактісіз есте қалатын, ойлау қабілеті мен фунционалдық сауаттылықты төмендететін, сыни және логикалық, салыстырмалы ойлауды автоматты түрде бәсеңдететін, болмаса жоққа шығаратын маңыздылығы жоқ сұрақтардың негізсіз көбеюі талапкердің жүйкесіне әсер ететінін тілге тиек етті. Сұрақтарға жауап беруге қиынсынған немесе өзіне сенімсіздік білдірген талапкерлер де болды. Мысалға, бітіруші түлектің орнына туысы кірген жағдайлар өткен жылдары орын алған болатын. Осындай келеңсіз оқиғалар ҰБТ-ның маңыздылығын төмендетіп, оқушыға күмән мен сенімсіздік алып келеді. Мән-жайға қанық министр бұрынғы кітапшаны компьютерге ауыстырды. «Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тестті жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдау қажет. Себебі ҰБТ жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау» деді Асхат Аймағамбетов.
Жалпы ҰБТ: алдымен мектеп бітіруші түлектерге, өткен жылғы бітірушілілер мен кәсіптік және техникалық ұйымдарда білім алған түлектерге, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде орта білім алған бітірушілері мен шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға, жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары ұйымдарының бітірушілеріне, ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар, ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға өткізіледі.
ҰБТ үш айға созылады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов түлектер ҰБТ-ны онлайн тапсырады деді. Яғни, оқушылар мамандандырылыған тестілеу орталықтарындағы компьютерлерді пайдаланады. «Егер бұған дейін әрбір оқушыға тест тапсырмалары бар кітапша берілсе, енді дербес компьютер ұсынылады. Енді ҰБТ тапсыру белгілі бір күнге ғана белгіленбейді. Өткен жылдары оқушылар емтихан тапсыратын 10 күнді елеңдеп күтсе, енді ҰБТ тапсыру үш айға созылады. Өзі қалаған кез келген уақытта мектеп бітіруші түлек тест тапсыра алады» – деді Д.Смағұлов .
Екі мүмкіндік болады. Жаңа ереже бойынша, мектеп оқушылары ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. ҰБТ белгілі бір күнге байланбайды, яғни бұрын мектеп оқушылары тестілеуді нақты белгіленген 10 күн аралығында тапсырған болса, енді ҰБТ үш айға созылып, өткізу күні мен уақытын талапкердің өзі таңдайды. ҰБТ-ны бір рет тапсыру тегін болады. Қазір екінші рет тапсыруды да ақысыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Екінші ҰБТ ақшалай негізде болған күннің өзінде оның сомасы – 2 242 теңгеден аспайды. Тестілеу орталығының басшысы ҰБТ-ның электронды форматы жаңа заман талабы екенін айтты. Біріншіден, мектеп оқушылары тест күнін күтіп, күйзеліске ұшырамайды. Екіншіден, тестті екінші рет тапсыру мүмкіндігі жүйкеге түсетін салмақты азайтады және өте тиімді. Біріншісі ақылы оқу орны болса, екіншісі грант негізінде болады. Талапкер өзі дұрыс деп таңдаған балын ұсынады. Егер бірінші балын жеткілікті деп санаса, екінші рет тест тапсырмауына болады. Ал бірінші балды жаратпай, екінші рет тапсырғанын таңдаса бірінші тапсырған балл жарамсыз деп саналады.
Пандемия кезіндегі ҰБТ. ҰБТ тапсыру үшін Қазақстанның барлық өңірінде 56 тестілеу орталығы ашылады. Олар наурыздан қыркүйек айына дейін жалға алынады. Тестілеу орталықтарында бүкіл республика бойынша 6 000 түлек екі лекпен емтихан тапсырады: біріншісі – 10:00-ден 14:00-ге дейін, екіншісі – 15:00-ден 19:00-ге дейін. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша көп шара қабылданды. Ешкімнің жүйеге сырттан қосылу мүмкіндігі болмайды. Орта есеппен залда 50 адам ҰБТ тапсырады. Бұл пандемия кезінде аса маңызды, адамдардың көптеп шоғырлануына жол берілмейді.
ҰБТ тапсыруға қанша уақыт беріледі? Осы жылы ҰБТ тапсыратындар үшін тестілеу уақыты да әртүрлі: жаратылыстану-математика бағыты бойынша емтихан тапсыратындарға 240 минут (4 сағат) бөлінсе, гуманитарлық бағыттағы мамандық таңдағандардың тест уақыты 225 минут (3 сағат 45 минут) болады. Компьютерлік тест тапсыру кезінде оқушыларға екі рет үзіліс беріледі. ҰБТ басталған соң бір сағаттан кейін көзді тынықтыру үшін екі минут, екі сағаттан кейін 15 минут берілмек. Осы уақытта түлектер әжетханаға шығып, демала алады.
ҰБТ кезіндегі IT-қауіпсіздік. ҰБТ тапсыруға арналған өңірлік орталықтармен байланыс жабық VPN-арнасы арқылы жүргізіледі. Бұл арнаға сырттан қосылу мүмкін емес. «ҰБТ-ны тек нақты компьютерден ғана тапсыруға болады. Логин және құпиясөз арқылы басқа адам тапсыра алмайды. Компьютерлерде USB және флэш-карталарға арналған саңылау болмайды. Сондай-ақ, әрбір оқушының іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін камера орнатылады», – деп ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жайлы айтып берді тестілеу орталығының басшысы. Айта кету керек, тест тапсырушылар Face-ID арқылы сәйкестендіруден өтеді. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка) анықтау бойынша қазақстандық прокторинг жүйесі қолданылады. Тыйым салынған заттар анықталған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады және оның осы жылы тестті қайта тапсыру мүмкіндігі болмайды.
Апелляция. 2019 жылдан бастап Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны электронды форматқа көшіру туралы мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізген. Орталық басшысының айтуынша, қазақстандықтар бұл жаңалықты қуана қабылдады. Жаңа форматтың негізгі жағымды тұсы, тест парақшасындағы жауаптарды кездейсоқ бояу болмайды. Компьютердегі тестіде оқушы өз жауаптарын өзгерте алады және бір пәннен келесісіне өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тест нәтижесін кешке дейін күту қажеттілігі жоқ. Бұдан бөлек, оқушылар тест нәтижесін алған соң бірден апелляцияға өтініш бере алады. Осылай уақытты үнемдеп, баланың жүйкесі орынсыз уайымға бармайды.
Шиелі ауданы бойынша 2020-2021 қаңтар айындағы ақылы ҰБТ жайлы ақпарат. 2020-2021 оқу жылының қаңтар айында тапсырылатын ҰБТ бойынша тестілеу барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, 25-28 қаңтар аралығында өтті. Биылғы оқу жылында жалпы бітірушілер саны 828 оқушы, оның 622-сі қаңтар айындағы ақылы ҰБТ-ға қатысып, жалпы оқушылардың 75 процентін құрады. Аудан бойынша орташа балл – 64,1-ді құрады. Пәндер бойынша орташа балға тоқталатын болсақ, оқу сауаттылығы бойынша – 17.15 процент, математикалық сауаттылық бойынша – 8.5 процент, қазақстан тарихы-6.9 процент, №1 таңдау пәні бойынша – 17.5-ті құраса, №2 таңдау пәні бойынша орташа балл – 16, 4 процентті көрсетті. 100-ден жоғары балл жинаған бітірушілер саны – 37 оқушы, бұл ҰБТ тапсырушылардың 6 процентін құрайды. Мұнымен қоса шекті балды жинай алмаған бітірушілер саны – 106 оқушы, бұл жалпы тест тапсырушылардың – 17 проценті.
Ақбота Баянбай