Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Бұрынғы полиция қызметкері түрмеден өзіне жайлы камера іздеп (ВИДЕО)

Қызылорда: Бұрынғы полиция қызметкері түрмеден өзіне жайлы камера іздеп (ВИДЕО)

Қызылордада қылмысқа күдікті ретінде ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында емін-еркін, өзіне жайлы камераны өзі таңдап жүре беретін сияқты. Әлеуметтік желіде пара алды деп күдікке ілінген полиция басқармасы басшысының орынбасары өзіне отыратын камераны шыр айналып іздеп жүр деген бейнежазба тарады, деп хабарлайды «Информбюро».

Желіде тараған жазбада екі азамат уақытша ұстау изоляторының дәлізінде әр камераның есігін бір ашып жүр. Құдды бір ыңғайлы камераны күдіктінің өзі таңдап жүргендей. Бұл көріністегі полицейдің қасындағы жан жақында ғана пара алды деп күдікке ілінген ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары делінген ақпарат желіде тарады. Бірақ полиция департаменті шендінің күдікті ретінде ұсталғанын растағанымен, видеодағы азаматтың кім екені әлі белгісіз екенін айтады. Қазіргі кезде осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/neNA5yvPE7A?list=PLn2OyECVOtB8WO3S0upqr5HGY4yl3UILe
29 қаңтар 2021 ж. 482 0