Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Полиция қызметкерлері сотталды

Полиция қызметкерлері сотталды

BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қалалық ПД-ның жол-патрульдік қызметінің инспекторы полиция капитаны К.Н. Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС өкілін алдап ақша қаражатын иелену арқылы бұрын келісілген 4 мың АҚШ долларының 390 мың теңгесін иемденіп, сол секілді бұрын ұсталған Өзбекстан Республикасының 19 азаматын босатқаны үшін көші-қон қызметінің лауазымды тұлғаларына ақша берді деген күдікке ілінген болатын", - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 21 қазанында осы соттың үкімімен қалалық ПД арнайы баталонының инспекторы полиция лейтенанты Д.С.Салкимбаев сотталды, ол азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған, оған параның 30 есе сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы күні Бурабай аудандық соты осындай қылмыс жасағаны үшін (қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін 70 мың теңге пара алғаны) Ақмола облысы ПД аудандық полиция бөлімі жедел-криминалистика бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны А.Б.Тен 4 млн 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға тартылды.

Петропавл қалалық соты әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін жүргізушілерден бірнеше рет пара алған (тұрмыстық жемқорлық) қалалық ПБ-ның батальон полицейлері аға сержант П.В. Кузьминых және полицияның кіші сержанты Т.Е. Хисамутдинов кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жоғарыда аталған полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шендер алу құқығынан өмір бойына айырылды.



23 қазан 2019 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (8746)

06 желтоқсан 2019 ж.

№94 (8745)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (8744)

30 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам