
1) БЕРУ КЕРЕК:

Үлкенге – сәлем.

Қуантқанға – сүйінші.

Тойға – шашу.

Соғымнан – сыбаға.

Егіннен – кеусен.

Малдан – көгендік.

Балаға – базарлық.

Киімге – байғазы.

Сәбиге – көрімдік.

Төркіндеген қызға – қалауын.

Жаңа көршіге – ерулік.

Досқа – естелік.

Жетімге – қолқайыр.

Мүсәпірге – садақа.

Байлықтан – шүлен үлестіру.

Тойға – сияпат.

Жас үйленгендерді – асқа шақыру.

Жас босанған анаға – қалжа.
2) СҰРАУ КЕРЕК:

Алладан – денсаулық.

Пайғамбардан – шапағат.

Қыдырдан – бата.

Аңшыдан – сыралғы.

Сырқат жанның – көңілін.

Қарттың – қал-жағдайын.

Жетімнің – жай-күйін.

Саудың – амандығын.

Ағайынның – бүтіндігін.

Олжадан – тәбәрік.

Қонақтан – бұйымтай.
3) ТІЛЕУ КЕРЕК:

Барға – тәуба.

Жоққа – сабыр.

Ауырға – төзім.

Жақсылыққа – алғыс.

Болашаққа – сенім.

Жетістікке – шүкір.

Өткенге – Салауат.

Қалғанға – береке.

Басқа – амандық.

Денге – саулық.
Достар, қазақтың тағылымы мол тәлім-тәрбиесіне не жетеді дейсіз?
Ендеше, бабалар салған сара жолмен жүріп, ұлт даналығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік!