Бәйтерек бейнеленген гобелен
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ақмешіт» музейінде құнды дүниелер сақталған. Соның бірі – Қазақстанның белгілі суретшілері Әлібай және Сәуле Бапановтардың қолынан шыққан кілемше.
Бір қарағанда тақыр кілем секілді көрінетін гобеленде су астындағы және жер бетіндегі тіршілікті айқындайтын көріністер бейнеленген.
Сондай-ақ, шағын ғана кілемшеде қазақтың ұлттық құндылықтарының бәрі тоғысқан.
– «Бәйтерек» атты гобелен – негізінен көркем шығармашылық туынды. Ондағы бейнелеген әрбір детальға қарап, ұлтымызға тән дәстүрді, ғұрыпты көруге болады. Жалпы ерлі-зайыпты Бапановтардың қай шығармасын алсаң да, өзіндік ерекшелігімен көрермен жүрегін баурайды. Сондықтан да түрлі тақырыпта гобелен тоқып жүрген шеберлер туындылары ерекше бағаланады, – дейді «Ақмешіт» музейінің меңгерушісі Кенже Ахметова.
Жалпы музейде сақталған бұл экспонат 2006 жылы суретшілердің өз қолынан алынған. Жүн және мақта жіптерінен тоқылған кілемшенің көлемі 360х274.
Айта кетсек, суретшілердің тарих пен болашақ, ұлттық болмыс пен дәстүрді қамтыған мағынасы терең өнер туындылары жетерлік. Бүгінде олардың дені елімізде ғана емес, шетелдерде де көрмелерге қойылып келеді.
М.ОТАРАЛЫ