Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шешімін тапқан көпір

Шешімін тапқан көпір

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде ауданымызда жақсы жаңалықтар орын алды. Үлкен аспалы көпір салынып, елдің көп жылғы тілегі орындалды. Темір жол өткелінің төбесінен аспалы көпір көру менің де бір арманым болатын. Себебі 2019 жылы Шамалғанда болған қайғылы жағдай көпшілігімізге сабақ болды. Сол уақытта автобус темір жолға шығып кетіп, жүргізуші қаза тапқаны әлі күнге дейін есімізде. Міне, осы бір жағдай ауданымызға аспалы көпірдің керектігін анық аңғартты.
Күнделікті тіршіліктің тынымсыз қозғалысы үшін де көпірдің маңызы зор екені сөзсіз. Күніне 20-дан астам жүрдек пойыз өтетін өткелде біршама көлік кептелісі күнделікті орын алатыны жасырын емес. 2020 жылдың ортасында көпір құрылысының басталғанын көргенде барлығымыз қуандық. Көп ұзамай көпір салынып, ел игілігіне берілді. Елдегі жұқпалы аурудың келтірген кедергісіне қарамастан ауданымызда жоспарланған істер тоқырап қалған жоқ. Жолдар жөнделіп, бірнеше ауылдарға газ жүйесі жүргізілді. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесін көріп келеміз. Жаңа жылға сенім мол, әлі талай игілікті істердің жемісін көретінімізге сенемін. Нартай Бекежанов ауы­лында газ жүйесін жүргізу жұмыстары басталғалы тағы бір жақсы жаңалықтың күтіп тұрғанын көрсетті. Бұл жолда аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлының еңбегі өлшеусіз. «Мың адам салған көпірді, бір адам бұзады, бір адамның жаққан отына, он адам жылынады» демекші, аудан басшысының атқарып жатқан жұмысы әлі талай ұрпақтың керегіне жарайтынына сенемін және де үлкен алғысымды білдіремін.

Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі
08 қаңтар 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930