Талапты маман, талантты суретші
Ол алақандай ауылдан Шымкент шаһарына аттанды. Суретші болу үшін. Бірақ таңдаған бағытының басқа арнаға бұрылатынын білген жоқ. Ол деп отырғанымыз талантты суретші – Марат Оспанов. Ол 13 жылдан бері «Ру-6» ЖШС бас механик бөлімінде слесарь-жөндеуші қызметін атқарып келеді. 9 сыныпты тәмамдап, талай таланттардың тұсауын кескен колледжге оқуға түседі. Бүгінде слесарь-жөндеуші мамандығымен қоса, шығармашылықпен де айналысып жүр. Бізге суретшімен сұқбаттасудың сәті түскен болатын.
– Марат Махамбетжанұлы, әңгімеміздің әлқиссасын сурет салу өнерінен бастасақ. Өнер кез келген адамға қона бермейді. Суретшілік сізге қайдан келген қасиет? Бұл қабілетті қай кезде байқадыңыз?
– Марат Махамбетжанұлы, әңгімеміздің әлқиссасын сурет салу өнерінен бастасақ. Өнер кез келген адамға қона бермейді. Суретшілік сізге қайдан келген қасиет? Бұл қабілетті қай кезде байқадыңыз?
– Мен ең алғаш 5 сыныптан бастап сурет сала бастадым. Анам он саусағынан өнер тамған тігінші болатын. Одан бөлек кілем тоқумен айналысты. Яғни, кілемге адамның портретін бейнелейтін. Бәлки, бұл анамнан дарыған болар. Сөйтіп, мен 1986 жылы Ә.Қастеев атындағы көркем сурет училищесіне оқуға түстім. Ол кезде солай деп аталатын. 1990 жылы бітірдім. Еңбек жолымды 1993 жылы сурет салу мектебінде мұғалім болып бастадым.
– Шабыт демекші, оны басыңыздан қалай өткізіп жүрсіз?
– Негізі үнемі ой үстінде жүремін. Кейде санамда неше күннен бері қорытылып, жинақталған бейнелерді қағаз бетіне түн жарымында түсіремін. Әр кезде әрқалай. Күндіз жұмыста болғандықтан, демалыс күндері мен түнгі мезгілде шығармашылықпен айналысуға тура келеді. Қолым жұмыстан босай қалса, бірден сурет салумен айналысамын. Жалпы бір туындыны шығару үшін кемінде 10 күн керек.
– Қаламыңыздан туған туындыларға тоқталсақ.
– Кілемге адамның суретін салып, шағын кәсіп бастаған болатынмын. Есімде қалғаны 2006 жылы Жамбыл Жабаевқа арнап портрет салдым. Оны басшылық Америкаға көрмеге алып кетті.
– Балаларыңыздың арасында жолыңызды қуғандары бар ма?
– Үлкен ұлым Әділ мен кіші ұлым Мирастың да сурет салуға қабілеті бар. Бүгінде олар түрлі байқауларға қатысып, өз бақтарын сынап жүр.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Алла сәтін салса әлі біраз туындыларым дүниеге келер. Бірақ әзірге өзімнің жеке шеберханам болмай тұр. Шығармашылығымды шыңдай түсу үшін шәкірт тәрбиелеуде ойымда бар.
Сұқбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА