Алтын Орданың заңды мұрагері кім?
751 жыл бұрын Алтын Орда құрылған жоқ. Моңғол империясынан тәуелсіздік алды. Кешегі Қазақ хандығымен бүгінгі Қазақстан осы Алтын Орданың заңды мұрагері саналуы тиіс. Бұл сөздерді нақтылайтын бірнеше анық деректер бар. Алтын Орда Алтайдан Дунайға дейінгі алып жатқан территория 6 млн шақырым аумақ. Бүгінгі аумақпен қарасақ, бұл Батыс Моңғолия, Алтай өлкесі, Сібір, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ, Дон бойы, Қырым және бүгінгі біздің Қазақстан. Тарихта ол Жошы ұлысы (Ұлық Ұлыс) деп аталып келсе, кейіннен орыс және моңғол деректерінде Алтын Орда атауымен кездеседі. Ал кейбір батыс тарихшылары оны Қыпшақ хандығы деп те атайды, себебі сол заманда мына ұлан ғайыр аумақ Дешті Қыпшақ даласы деп аталған еді.
Негізінен Алтын Орданың негізін қалаған – Жошы хан. Ол 1180-1227 жылдары өмір сүрген Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Оның өмірге келуі де, өмірден өтуі де жұмбаққа толы. Әлемдік тарихтың бет алысын өзгерткен Шыңғыс ханның өзінен де, одан тараған әулеттен де біз білетін бір белгі бар. Тіпті, ол жаһандағы жалғыз ескерткіш Жошының кесенесі. Ал оның қазақ даласында соның ішінде Ұлытауда болуы терең символикалық мәнге ие. Оған қоса оның өлімі жайында өрілетін «Ақсақ құлан» атаулы халық күйінің қалуы да тегін болмаса керек. Шыңғыс ханның көк тәңіріне табынғанын білеміз. Дегенмен, Жошының 15-ші ұлын Мұхаммед деп атауы оның қазақ даласында исламға бет бұрғанын көрсетеді. Жошы хан империяның негізін салғанымен осынау үлкен аумақты жаулаған оның ұлы Бату болды. 1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадүрдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап, қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің батысты жаулап алуы осы болды. 1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанаты астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

Еуразия даласында жасаған алып империяның мұрагері кім? Ғаламтор желілерінде бірнеше жылдан бері бұл тақырып төңірегінде таластар толастаған емес. Тіпті, көршілес Ресей Алтын Орданың мирасқоры бізбіз дегенді айтып жүр. Біздің ғалымдарымызда үнсіз қалмай Алтын Орданың мұрагері екенімізді дәлелдеу үшін 5 факторға тоқталып өтеді. Оның біріншісі жер аумағы. Алтын Орданың аумағы 6 млн шаршы шақырым болды десек, соның 40 процент аумағы Қазақстанға тиесілі. Екінші, Ресей антрапологтарының зерттеулеріне сай Алтын Орда халқының жартысынан астамының келбеті қазіргі қазақтарға ұқсайтын көрінеді. Келесі ұқсастық гендік тұрғыдан болатын ұқсастық. Мысалға, Орталық Қазақстан мен Павлодардан табылған Алтын Ордалық ақсүйектерді зерттегенде өте қызық ұқсастық анықталған. Ғалымдардың айтуынша қазіргі қазақтардың 25 %-нің Алтын Ордалық ақсүйектермен туыстық байланысы бар көрінеді. Кезекті ұқсастық шежіреге қатысты. Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) 92 тайпадан құрылған болса, соның 23-і қазіргі қазақ рулары болғаны анықталған.
Рамазан Бектұрғанұлы