Ойыннан от шықпасын, ойыншықтан дерт жұқпасын
Әр отбасының бақыты – бала десек, бала үшін ойынның, ойыншықтың маңызы зор екені белгілі. Содан болар күлшашары бар кез келген үйде ойыншық болуы да қалыпты жағдай. Десек те, ойыншықты сатып алған ата-ана оның балаға қаншалықты қауіп төндіретінін сезбей қалуы мүмкін. Себебі, оның қауіпсіздігі мен сапасына мән беретіндер саны аз. Баланың ой-өрісін дамытып, есеюіне әсер етеді десек те, дүкен сөрелерінде «мен мұндалап» көздің жауын алып тұрған түрлі-түсті ойыншықтардың бүлдіршіндерге кесірін тигізетін сәттері де кездесіп жатады. Сондықтан оны сатып аларда қателеспеу қажет.
Бүгінде ел аумағына сырттан әкелінетін тауарлар саны күн санап артуда. Соның ішінде ойыншықтар ерекше орын алады. Деректерге сүйенсек, елімізге ойыншықтардың 73 проценті Қытайдан, 16 проценті Ресей мен Белоруссиядан келеді екен. Кішкентай баламыз болғандықтан дүкенге кіре қалсақ, ойыншық жаққа көз салмай өтпейтініміз рас. Сонда сөрелерде самсап тұрғандардың басым бөлігі теледидарда көрсетіліп жүрген мультфильм кейіпкерлері екенін байқайсыз. «Машадан» бастап, «Монстр хай», «Лола», «Барби» қуыршақтары кішкентай қыздардың ең сүйікті ойыншығы болса, «Тачки» машиналары, құрастырмалы «Тойбокс», қару ұстанған құбыжық бейнесіндегі ойыншықтарға ұл балалардың қызығушылығы басым. Тіпті кейінгі кезде аяғы ауыр қуыршақтарды жиі көретін болдық. Ойыншық баланың ой-өрісін дамытып, таным-түсінігін арттырады дейміз. Ал енді аяғы ауыр қуыршақпен ойнаған бүлдіршін қандай тәрбие алып, нені үйренеді? Сол сияқты «Монстр хай» қуыршағының жезтырнағы, шашының бояуы мен көзінің түсі, киімі бала жүйкесіне кері әсер етеді екен. Психологтардың пікірінше, мұндай ойыншықтардан бала психологиялық жарақат алуы мүмкін.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балалардың ойындары мен ойыншықтарын әкелуге және өткізуге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізеді. Былтыр зертханалық сараптама жүргізу үшін барлығы 73 ойыншық сынамасы алынған. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнім – 53, өзге ел өнімі – 20. Сараптамаға алынған ойыншықтардың 13-нен сәйкессіздік анықталған. Оның біреуінен органолептикалық, яғни, жағымсыз иіс шыққан. Таңбалануы, яғни жас ерекшелектеріне байланысты шектеу, шығарылған елі мен құрамы туралы ақпараттар мүлде жоқ. Мемлекеттік және орыс тілінде деректер көрсетілмеген. Ал физикалық-факторлық, яғни, сілекей мен теріге тигенде бояуы шығу бойынша 2 сәйкессіздік табылған. Кемшіліктің көпшілігі қытай елінде өндірілген өнімдерге тиесілі.
Жалпы департамент мамандары ойыншықтардың қауіпсіздігін тексеру екі кезеңде жүргізілетінін айтады. Солардың бірі – құжаттық тексеру. Құжаттық тексеру кезінде тұтынушыға арналған ақпараттың заң мен техникалық регламент талаптарына сәйкестігі, жалпы құжаттарының болуы назарға алынады. Былтыр ойыншықтардан анықталған сәйкессіздіктерге байланысты 5 ұйғарым беріліп, 3 материал сотқа жолданған және 530250 теңге көлемінде айыппұл салынған. Мәселен, «Inda Toys» СБ-988-8 әскерлер жиынтығы ойыншықтар үлгісі 3 жастан жоғары балаларға арналған. Физикалық-химиялық көрсеткіштері, яғни, иісі, сыртқы түрі талапқа сай емес. Нақтырақ айтқанда, ойыншықтың жиектері кедір-бүдір, өткір, үшкір. Бұдан бала жарақат алуы әбден мүмкін. «X-POWER» автокөлік ойыншығы 3 жастан асқан балаларға арналған. Қытайда жасалған. Құрамы көрсетілмеген. Ылғалды өңдегенде, теріге тигенде, бала аузына салғанда бояуы шыққан. Бұл орайда мамандар бүлдіршіндерге ең үлкен қауіп ойыншықтардың құрамындағы зиянды химиялық заттардың, ауыр металдардың концентрациясы белгіленген мөлшерден асуынан болатынын айтады. Ойыншықты аузына салғанда баланың ағзасына, иммундық жүйесіне қауіп төніп, әртүрлі аллергиялық реакциялар тудырып ғана қоймай, оған қоса асқазан, ішек дерттеріне ұшыратады екен. Дерттің алдын алу үшін мамандар әуелі ойыншықтың иісіне мән беру керектігін айтады. Резеңкенің болар-болмас иісі ештеңе етпейді, алайда өткір иіс сезілсе, қауіптене беріңіз. Сатып аларда саусағыңызды сулап, ойыншықты сүртіңіз, егер бояуы жұқса, сөреге қойғаныңыз дұрыс.
Ертеде үлкендер «ойыннан от шықпасын» деп жататын. Бұл – сақтық шарасына көңіл бөлуді ескерткені. Көнекөздер аузындағы осы сөз бүгінде өзектілігін жойған жоқ. Тіпті шетелдерден келіп жатқан түрлі ойындар мен ойыншықтарды көргенде осы нақыл тілімізге еріксіз оралады. «Ойыншықтан зардап шегіп, ауруханаға барушылар бар ма?» деген сауалмен облыстық балалар ауруханасына хабарластық. Бір қуанарлығы, мұндағы мамандар аса зардап шегіп, стационарда емделгендердің жоқтығын айтты. Алайда мұрнына моншақ, майда-шүйде кетіп қалып, амбулаторлы түрде көмек алып, үйіне қайтарылатындар бірен-саран болса да кездеседі.
Балаларымыздың ойнап жүрген ойыншықтарының шығу тарихы мен олардың кейбіреулерінің соншалықты танымалдылыққа ие болғаны туралы ойланып көрдіңіз бе? Ендеше ойыншықтарға қатысты қызықты деректерді де біле жүріңіз. Деректерге сүйенсек, «Йо-йо» ойыншығы әлемнің ежелгі ойыншықтарының ішінде 2-орынды иемденеді екен. Ал, бірінші орын қуыршаққа тиесілі. «Йо-йоны» біздің эрамызға дейінгі ежелгі Грекияда ойлап тапқан. Ол өзара осьтері арқылы байланысқан екі дисктен тұрады, ортасына арқан байланған.
Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болған. Бұл ақпаратты оның табанына тігілген жапсырма растайды. Ең қымбат кейіпкер – «Микки Маус», ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған. Сатылған мүсін «Микки Маустың» қазіргі түр-тұлғасынан тіпті басқа. Ойыншықтың қолдары ұзын, бет-әлпеті де басқаша және құлақтары да заманауи ойыншықтардай емес, басқаша орналасқан.
Ал «Кубик-рубикті» Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктің 300 миллионға жуығы сатылған.
«Барби» қуыршағын жасап шығарушы Руд Хэндлер оны өз қызының құрметіне атаған, ал Кен атауы ұлының құрметіне қойылған.
Әлемдегі ең танымал құрастырушының ұйымы – «Lego» шамамен 320 миллиардтай тетікті сатылымға шығарған. Бұл – әрбір адамға 52 тетіктен келеді деген сөз. Сондай-ақ, «Lego» компаниясы – әлемдегі ең ірі шина өндіруші. Жыл сайын шамамен 120 миллиондай кішкентай шина шығарады екен.

Айнұр БАТТАЛОВА.