Дін – дүмшелікті кешірмейді
Соңғы уақытта қоғамда жұрт бұрын-соңды естіп білмеген шариғи терминдер көптеп айтылып, әсіресе, әлеуметтік желі қолданушыларының арасында бұл мәселе қызу талқыланып жүр. Осы ретте желідегі жамағаттың арасына жік салып, түсініспеушілік туғызып, елді екіге бөліп жатқан «Матуриди», «ақида», «фиқһ» секілді терминдердің мән-мағынасын бұқарағы түсінікті тілмен түсіндіріп беруді ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаевтан өтінген едік. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген емес пе? Ендігі де маманның сөзіне құлақ түрейік. Бас молда былай деді.
– Елді елеңдетіп отырған бұл мәселеден менің де хабарым бар. Жеке өзіме де «Мұндай шариғи сөздерді бұрынғылардан естімеп едік, бұл қайдан шыққан? Дәстүрлі дінімізге қатысы қанша?» деп сұрақ қойғандар болды. Бірақ, бұл терминдерден қорқудың еш қажеті жоқ. Кеңес үкіметінің жетпіс жыл жүргізген дінсіздендіру саясатын басынан өткеріп, тәуелсіздік алып, асыл дінімізге енді қол жеткіздік деген сәтте керісінше елімізде түрлі ағымдардың белең алып кетуі халқымызды үрейлендіріп қойғаны өтірік емес. Дей тұрғанмен, көпшіліктің құлағына түрпідей тиген терминдер қазақ үшін тың сөз емес. Мәселен, шариғаттағы «ақида» терминінің түпкі мағынасы – сенім дегенді білдіреді. Яғни, адамзат баласы түптің-түбінде әйтеуір бір ұлы күштің барына сенеді. Ал оған қалай сенетіні адамның ұстанған бағытына, ақидасына қарай дұрыс не бұрыс болып бөлінеді. Ал «Матуриди» дегеніміз әлдебір затты, не болмаса шариғи үкімді білдірмейді. Ол – ақида мектебін қалыптастырушы дін ғалымының есімі. Түсінікті болу үшін айта кетейін, пайғамбарымыз өмірден қайтқаннан кейін мұсылмандар арасында Құран мен хадис ілімін дұрыс түсінбеудің салдарынан жікке бөліну пайда болады. Әсіресе, Харижит, Мауатазалит ағымдары етек жайып, тағыда басқа бағыт ұстанушылар көбейеді. Сол уақытта Исламның негізгі қайнар бұлағын сақтап қалу мақсатында осы имам Матуриди және имам Әшғари ғалымдарымыз сенім мәселесін терең зерттеп бір із, бір жүйеге келтіреді. Бұл кісілер хижри жыл санағы бойынша 266-шы жылдары өмірден өткен. Егер де осы ғұламаларымыз ақида мәселесін өздерінің еңбектерінде жазып, көрсетіп кетпегенде мұсылмандарға адасып кету қауіпі төніп тұрған еді. Біз бұл жерде тағы бір дүниені ескеруіміз керек. Аталған екі ғалым да сенім мәселесіндегі еңбектерін құран мен хадиске сүйене отырып, сол жерден ақида ғылымын тарқатып жазған. Ақида ілімі жайлы ең алғаш төрт мәзхаб иесінің бірі Әбу Ханифа да «Фихуль әкбар», яғни «үлкен фиқһ» деген кітап жазған. Ол кітапта наным-сенім, Құдайды қалай тануымыз керек, соның барлығы қамтылған. Міне, осындай еңбектерден кейін біз ақида сөзінің тағы бір атауы «ғылым, білім» екеніне көз жеткіземіз.

Жалпы имам Матуриди ақида ілімін «Иллаһият, Нубубат, Уассамауят» деп үшке бөліп қараған. Соның ішінде Иллаһият бөлімінде Алла тағаланың есім-сипаттарына қатысты айтылады. Оны қалай түсіну керек, сол жайында тереңінен түсіндіреді. Мәселен христиан дінінің өкілдері ешқандай теңдесі жоқ Құдай тағаланы жаратылысқа ұқсатып, оған кемшілік беріп «Құдай аспан мен жерді алты күн жаратты. Сосын, шаршап жетінші күні дем алды» деп ақылға кірмейтін сөздер айтады. Солайша олар Алла тағалада жоқ сипаттарды айтып, Жаратушыға бөлшек, шектеу қойып, әлденеге мұқтаж етіп қояды. Ақиқатында Алла ешкімге мұқтаж емес. Сол секілді, сәләфи ағымын ұстанушылар да Құран аяттарын тікелей түсінуіміз керек дейді. Ал имам Матуриди болса, қасиетті Құран Кәрім терең мағыналы кітап, біз ондағы сөздерді тікелей мағынасында емес, астарына үңіліп түсінуіміз қажет дейді. Мәселен, қазақтар ұзақ жерде тұратын туысын кейде «ит өлген жерде тұрады» деп айтады. Енді өздеріңіз ойлап қараңыздар осы, сөзді тікелей мағынасында түсінсек не болады? Сөздің бағыты тіптен өзгеріп кетпей ме? Сол секілді, сәләфи бағытын ұстанушылардың да адасып жүргені Құран мен хадисті тіке түсініп жүргенінде. Ал адасушылықтың басы жұрттың білмей шошып жүрген жоғарыдағы терминдерді терең түсінбеуінен басталып жатыр. Сондықтан ақида, сенімге қатысты сұрақтарды мешіт имамдарына жолдап, тура жолды да мешіттер мен ҚМДБ бекіткен діни әдебиеттерден іздесе екен деген ұсыныс айтқым келеді, – деді бас имам.
Иә, дін тақырыбы таусылмайтын теңізбен тең. Сондықтан дін ұстанып, құлшылық қыламын деген әрбір азамат молдалардың жетегінен ұстағаны абзал. Әйтпесе, миллондаған миссионер мен дін уағызшыларының сөзіне сеніп, жәннатты іздеп Сирия жағалап кетуіңіз әбден мүмкін.
Дайындаған
Елдос Жүсіп
Елдос Жүсіп