Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ қатығының құдіреті

Қазақ қатығының құдіреті

Әлқисса. Осыдан 43 жыл бұрынғы оқиға!
Менің есімім – Ұлжалғас. Бала кезім еміс-еміс есімде, 4-5 жасар кезім. Аулада киіз басылып жатыр. Ақ жаулықты апалар мен келіншектер, кәрі-жасы өріп жүр. Күннің жылы күнінде әр үйде осылай той. Күнде киіз басылады, жүн түтіледі, сабау жасап, жүн сабайды. Бізге жүн түткізеді, егер мұрынға жеткізсек мұрнымыздан моншақ төгіледі. Оны басып басып қояды тығыз болуы керек деп. Солай талай жүнді түтіп тастаппыз ғой, шіркін! Сол моншақ сол күйі түспей кетті. Әлі ішінде тұрған шығар, қазір бала көңілмен солай ойлағым келеді, дұрыс болмаса да.
Содан күнде той, кәмпит жейтін күндеріміз біздің ол күндер. Қазан-қазан су сақырлап қайнап тұрады. Бір шетте иісі әлемді алып ерекше тамақ пісіп жатады. Арғы жағында бауырсақ пісіп, оны ыстықтай жеп жүреміз.
Әлі есімде, ыстық суды шелектерге құйып оны киізге себеді, содан киіз шығады. Сол шелектерді айналып шауып қашып, одан байқамай қалғанмын ғой, ыстық қайнап тұрған суға көтеншектеп келіп құйрығыммен кіріп кеттім. Шелекке кіріп кеткенім сонша екі аяқ екі қолым аспанға қарап қалды. Ойбайлаған апалар дереу мені суырып алды. Үстімдегі киімдерды шешіп алып еді, бүкіл терім сыпырылып қалды. Тобықтан төмен табан аяғым мен екі қолым және бетім сау. Қалған жердің бәрі қып-қызыл ет болып қалған. Шырқырап жатсам керек, ұстайтын жерім де жоқ дейді сонда анам. Жедел жәрдем шақыруға күн сенбі болғандықтан олар жұмыс жасаймайды деп біреу айтса керек жедел жәрдем шақырылмапты. Ол кезде конторда жалғыз сымды телефон бар, ол да жабық екен. Сомен апалар өздері емдеуге көшкен.
Әп-сәтте ауыл айран жиып үлгерген. Ешкім ешкімге айтпай-ақ, тапсырма бермей-ақ, автоматты түрде тасыла берді дейді. Ауызбіршілік қандай ә?
Әкем фосфор зауытында жұмыс істеген, содан үйде целлофан қап пен қағаз қаптар болатын. Сол целлофон қапқа салқын айранды құйып мені ішіне сап кояды екен да, тамағымнан буып тұрады екен. Мен үнім өшіп рахаттанып қалады екем. Айран ыстықты керемет алады екен ғой. Содан 5-10 минуттан кейін қайта шырқырайды екенмін. Айранның ысығанын сенің жылауыңнан-ақ білеміз дейді. Сонда мұздай салқын айран ысып кетуші еді деп отырды анам. Содан сол аралықта екінші қапқа айран құйып дайындап жатады екен.
Одан үшінші қап дайын тұрады. Сен шырқыраған да мойыныңнан ұстап, ұстайтын жерің сол ғана құлақтың астынан көтерып екінші қапқа сұға саламыз дейді. Ол ысыса үшінші қапқа сұға салады екен. Ал көршілер кастрөлдерін ұстап дайын тұрады екен. Ысыған айранды құя салып жан-жаққа тоңазытқышқа алып кетеді екен. Өте ұйымшылдықпен солай мені үш күн бойы қаптан шығармаған ғой. Айран деген ауылдың ана басынан мына басына дейін жиналыпты. Құлақтанған ел тоңазытқышындағы салқын айранын көтеріп, менде бар, тағы бар деп келе береді екен. Менің еміс-еміс есімде, мойынымды қылқитып капқа салып тамағымнан байлап жатқандары. Сол кезде есімді жиған кездерім болса керек. Сонда сол қапта ұйықтап сол қапта тамақ жедім бе екен деп коямын әлі күнге.
Анам айтады «Ойбай-ай, өліп тірілдім ғой өзімде» деп. Жылауың саябырсығанда ғана үміт оты жылт етті де есімді жидым деп. Әйтпесе не істап жүргенімді, есімнің барын жоғын білмеймін де, деген. Енесі де жеп койса керек Майкөтімді өлтірдің деп (ұрған да болуы керек). Үйде жеті қызбыз. Мені ерекше жақсы көретін еді апам. Артымнан жалғыз ұл көргендіктен болар. Апам өле өлгенше інім екеуіміздің ауызымызға бар тәттісін тосып, ешкімге саусақтарының ұшын тигізбеуші еді.(Жатқан жері жайлы болғыр).
Хош. Содан аптаның бірінші күні жедел жәрдем келеді. Үстім ендігі қара қотырланып қалса керек. Ешқандай күлдіреп суы шығып тұрған жері жоқ. Құрғап, ұстауға келіп қалыпты денем. Мен де олай шырқырамай қалыппын, ауырсынып жылағаны болмаса, былай бақырмайды да екенмін. Сонда басын шайқап, таңқалыпты емхана дәрігерлері. Күйіктен дым да калмаған екен. Жай денем біртегіс жара болып қана тұрыпты.
Қазір денемде қылаудай да тыртық жоқ. Одан бой жетіп, бұраңдап қыз болып, тұрмысқа шығып, Бәйжігіт еліне бес баланы туып бердім.Міне, бұл оқиға осылай аяқталды.
Өз ауылыма бас иіп, тағзым етіп тұрып алғыс айтамын. Сол ауыл әлі сол орнында, жай еңселі үйлердің көбейгені болмаса, қазір ауыл адамдары өзгерсе де, көзі тірі Қария апалар мен аталар өзгерген жоқ. Ауылда бұл оқиға ұмыт болғалы қашан, көзі көргендердің көбісі кетті. Бұрын айтылып жүретін әңгіме еді, қазір айтылмайды. Айтса да ертегі қойшы, – деп сенбейді.
Мен елімді, қазағымды жақсы көремін. Ол кезде ауыл адамдары қатты діншіл емес-етін. Харам, халал деп әр нәрсені де беталды тиым жасай бермейтін. Бірақ тыйым жасаса нақты көкейге қондыра, санаңа сидыра тыйым жасаушы еді.
Егер сол кез қазіргі кез болса, мен деген не домаланған мүгедек болар едім, не өліп қалған болар едім.
Бұл әңгімені айтқандағы ойым мынау еді. Мейлі қай жердің қазағын алыңыз, қазақтың тұнып тұрған ауызбіршілігін жеткізгім келді. Үлкеннің сөзіне тақ тұрар адамдардың болғанын айтқым келді. Айтқызбай ымға түсінген қазақтарды білдірткім келді. Қазақтың баға жетпес салт-дәстүрінің арқасында осындай ұйымшылдықты паш еткім келді. Жекелемей-ақ кояыншы, әйтеуір осының ішінде Қазақтың бар болмысы жатыр. Біз басқа ұлтқа мүлде ұқсамаймыз, біз ерекше жаратылған халықпыз. Әр қазақ ұлтын, адамын осылай сүйсе, бізге ешкім қастық қыла алмас деп ойлаймын.

Фейсбук әлеуметтік желісінен
25 тамыз 2020 ж. 439 0