Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Құс саңғырығы көлік бояуын кетіре ме?

Құс саңғырығы көлік бояуын кетіре ме?

Көлік жүргізушілері үшін қиындықтың бірі – құс саңғырығы. Жаңа ғана жуып шыққанда құстар ластап кеткен болса, көңіл-күйді тіпті түсіреді. Дегенмен құс саңғырығы көлік көрігін қашырып қана қоймай, шанағына (кузов) да айтарлықтай зиянын тигізеді. Кез келген құстың саңғырығында несеп қышқылы болады. Бұл – химиялық үдерісті үдетеді. Нәтижесінде көлік бояуына зиян келе бастайды. Жаз кезінде көлік күн астында қалатын болса, зиянды әсері бірнеше есе артады. Несеп қышқылын алғаш рет 1776 жылы швед химигі әрі фармацевті Карл Вильгельм Шееле ашқан. Таза қалпында кристалл тәрізді түссіз болады. Суда, диэтил эфирі және этанолда оңайлықпен ерімейді. Глицерин, сілті ерітінділері мен күкірт қышқылында жақсы ериді. Өнеркәсіпте несеп қышқылын кофеин синтезінде пайдаланады. Несеп қышқылы құстардың денесінде бірқатар физилогиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Яғни бүйректің дұрыс жұмыс жасауы арқылы пайда болады. Жоғарыда айта кеткендей, суда дұрыс ерімейтін болғандықтан құс саңғырығы көбіне ақ түсті болады. Көлік бояуы бірден көшпейтіні де анық. Бірақ сүртілмей біраз уақыт қалып қойып, тіпті күн ысып кетсе, көліктің көрігі қашты дей беріңіз. Бояуы кетсе, тат басу да тез басталады. Құс саңғырығын тез кетірудің жолы Көлікке сода қосылған су салып жүргеннің зияны жоқ. Көлігіңізге құс саңғырып кеткенде көмек болады. Оны шашып, ысқыш арқылы сүртіп тастасаңыз болғаны. Мұнда тағы ескеретін жайт бар. Құстар түрлі инфекциялар мен паразиттерді тасушылар қатарында. Сондықтан көліктегі болсын, терезедегі болсын құс саңғырығын сүрткенде резеңке қолғап киіп алыңыз. Сүртіп болғаннан кейін ысқыш пен қолғапқа дезинфекция жасаңыз. Құс саңғырығынан қорғану үшін автокөлікті тұраққа қойғанда мән беріңіз. Құстар көп қонбайтын жерді таңдаңыз.

29 маусым 2020 ж. 20 0

Қоғам

Ақ халатты Ақтоты

08 шілде 2020 ж.

Әлемі бөлек Әшімхан

08 шілде 2020 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8804)

08 шілде 2020 ж.

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам