Кітап оқу кезінде қойылуы тиіс сұрақтар
Кейбір адам жылына 10 кітап, кейбіреуі 50-ге жуық, ал біреулер одан да көп оқиды. Бірақ, біз бір нәрсені жақсы білеміз: бастысы ақпараттың құндылығы және оны түсіну мүмкіндігі. Кітап оқу – өзін-өзі тануға мүмкіндік беретін ең керемет құрылғы. Әр кітаптан барынша керекті нәрсені ғана алуға болады. Әсіресе, кітапты түсіну маңыздырақ. Өйткені, кейіпкерлер, арадағы әңгімелер ұмытылуы мүмкін. Бірақ, оның негізгі ойы есте қалады. Долорес Дукин 1979 жылы зерттеу барысында адамдар кітапты оқып болғаннан соң ғана өзіне сұрақ қоятынын аңғарған. Оны бастамас бұрын немесе оқу барысында өзіне сұрақ қоятын адамдар өте сирек кездеседі. Бірақ үш уақытта да сұрақ қоя білудың мынадай жақсы тұстары бар: • Бұл кітаптың неге керек екенін түсіну; • Алдын-ала болжам жасау; • Мәтіннің сапалылығын бағалау; • Мәтіндегі кілттік ойларды аңғару; • Болашақта алған ақпаратты қолдану мүмкіндігі. Кітап оқуға дейінгі қойылатын сұрақтар: Бір кітапты қолыңызға алып, ыңғайлы жайғасып алдыңыз. Дегенмен, кітапты қабылдауға мүмкіндік беретін мынандай бірнеше сауалдарға жауап беріп көріңіз: • Кітаптың атауы мен оқиға желісінде қандай байланыс болуы мүмкін? • Кітап не туралы? Неге олай ойлаймын? • Бұл шынайы болған оқиға ма әлде автордың ойынан туған ба? • Бұл кітапты неге оқып отырмын? • Бұл кітап туралы не білемін? • Қандай болжам жасай аламын? Кітап оқу барысында туындайтын сұрақтар: Кітап оқу барысында бірнеше рет демалып алыңыз. Өзіңіз оқыған бөлікке қатысты сұрақтар қойыңыз: • Оқыған бөлігімнен не түсіндім? • Негізгі идеясы қандай? • Автор менің қиялымда қандай бейне туғызуға себепші болды? • Бұл бөлікті қайта оқу керек пе? • Кейіпкер іс-әрекеті дұрыс па? • Кейіпкердің көңіл-күйі қандай? • Оның орнында болсам не істер едім? • Бұл жағдай менің басымда кездесуі мүмкін бе? • Оқығаныңызды өз сөзіңізбен жеткізіп көріңіз. Кітап оқып болғаннан соң қойылатын сұрақтар: • Оқиғаның мәні мен ойлағаннан тереңде ме? • Автор өзіне қандай сауалдар қоя білді және оған жауапты тапты ма? • Автордың көзқарасы қандай болды? • Жалғасы болса қалай болар еді? • Оқиғалардың ішіндегі ең маңыздысы қайсысы? Бұл сұрақтар тек кітап оқуға мүмкіндік беріп қана оймай, одан бар керектіні алып, терең мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Massaget.kz
Massaget.kz