Бала бидегі байыпты тірлік
Туған жердің көркейіп, гүлденуіне үлес қосу әрбір азаматтың парызы. Қалың елі қайғырса қалқан, қабырғасы майысса сүйеу болатын азаматтарымыз баршылық. Олар бүгінде берегендігімен де, көрегендігімен де көптің алғысын алып жүр. Халықтың қажетіне жарар дүниеге қаражатын аяған емес. Шама-шарқынша қолғабыс беріп, қалтасындағысымен бөлісуге бар. Бүгін біз сондай жандардың бірінің дала қойнындағы құтты ісі туралы қалам тарттық.
Иә, туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де атамекен – алтын бесігіне қарыздар. Өйткені, азамат бойындағы құнды қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағы арқылы дариды. Кім адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі ғибрат. Біз сөз еткелі отырған Пернебай Күзембай да осындай абзал азамат. Біршама ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отырған Пернебай туған жері Шиелінің өркендеуіне үлес қосуды мұрат еткен жан.
Табиғат бойына дарытқан төзімділік пен қайсарлықтың арқасында шыңдалып, қиындықты жеңіп, алдына кесе көлденең тұрған бейнетті еңсере білген азаматтың бүгінде абыройы асқақ. Туған жерден алыстап шықса да, жүрегімен, тілегімен еліне жаны ашып жүретін П.Күзембай Бала би ауылының тумасы. Ауылдағы бауырларымен ата-анасына ата кәсіпті жандандыру үшін қол ұшын созып, ірі қара сиыр, түйе сынды түліктермен қорасын толтырады. Сүт, айран, құрт, шұбат ішіп, аққа жарыған отбасы «Күзембай Алтынбай» шаруа қожалығының ісін дөңгелетіп келеді. Биылғы жылы 10 га жерге бау-бақша, 6 га алма, 4 га жүзім, 1 га жерге өрік егуді қолға алуда.
Сондай-ақ, 2017 жылы Талаптан ауылдық округінің азаматтары П.Алтынбайұлына хабарласып, Алматыдан туған жерге келіп қызмет жасауға шақырады. Қашанда елім деп ауылына қарайлап жүретін азамат ауылдағы игерусіз жатқан шағын егіс алқабын қайта қолға алуға бекінеді. Осындайда «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген тәмсілдің тауып айтылғанына таң қалмасқа шара бар ма?! Түртусіз жатқан жердің топырағын қопсытып, жер қойнына алтын дән себуді қолға алған Пернебай 400 га жерге 70-80 миллиондық «Torum 750», «Mc Don», «701», «XT3» маркалы жаңа техникаларды әкеледі. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап өткен ақылды технологияларды «Бала би» өндірістік кооперативінен кезіктіруге болады. Көктемгі дүбір басталып, қожалық басында жүрген төрағамен тілдескенде 300 га жерге күріш, 70-75 га жерге бидай, жоңышқа егуді межелеп отырғандығын жеткізді.
Иә, кімде-кім қиындықты жеңсе, бейнетті еңсерсе, ол адам өмірдің тәтті жемісін де татпақ. Тіпті, мұндай адамның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, ал күреске толы тағдыры болашаққа жазылған хаттай болмақшы. «Бала би» өндірістік кооперативінің төрағасы Пернебай Күзембай: «Анам сауыншы, әкем мал дәрігері болып Шиелі ауданында қызмет етті. Менде өзімнің кіндік қаным тамған жерге өз үлесімді тигізу мақсатында осы егістік алқабын қайта инженерлік жүйеге келтіріп, каналдарды тазалау жұмыстарынан бастадым. Қолы қимылдағанның қыр асатынын алдыңғы буын ағаларымыздан көріп өстік. Сыр елі алтын дәні Ақмаржанымен дүйім жұртқа танылған киелі мекен. Жері құнарлы да қасиетті. Тамшы да тама-тама көл болатыны секілді шағын істің де берекесі бар.
Еңбегімізге қарай еселі ризығымыз бар. Бүгінгі таңда 15 адам жұмыспен қамтылып отыр. Көктемгі, күзгі науқандарда қосымша 10 адам жұмысқа тартылады. Ұжым күріш өсірумен қатар бидай, жоңышқа егуді де қолға алып келеді. Күріш сушылары Құрманәлі Алшынбаев, Шәмшиддин Нұрғалиев, механизатор Әділ Бектұрғанов, Қаһарман Баетов сынды еңбекқор адамдар тынымсыз жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта осындай бос жатқан жерлерді игеруді жоспарлап отырмын. Ауыл халқы жерге соқа тиіп, егін егілмеген соң мал жайылатын жайылымда қалмағанын айтуда. Осы мәселелердің оң шешімін табуды көздеп жүрмін», – дейді. Халық қолдау танытқан азамат егістік жердің көлемін 1000 гектарға дейін ұлғайтуды да жоспарлап отырғанын айтады. Осылайша, күріш, мақсары, жоңышқа егіп, мал азығымен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етпек.
Еңбек майданының ортасында жүрген диқандар «Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер еместігін ұғындырғандай. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Илеуіне дән тасыған құмырсқадай қыж-быж қайнаған тіршілікте даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, өзі мұрат еткен ісін абыроймен атқарып келе жатқан ұжымның ауызбіршілігі осылай ыдырамасын деп тіледік.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ