Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл өсіру де өнер

Гүл өсіру де өнер

Қазақ «Гүл – көктем хабаршысы, жаздың белгісі, жер-ананың әсем көйлегі» деп тәмсілдеген. Тіпті көктеу мен жайлауға көшсе де айналасын түрлі гүлге орап, одан ерекше әсер, шабыт алып отырған. Сондай-ақ бөлме жинақы, таза әрі сәні мен салтанаты келісті болуы үшін әрдайым үй гүлдерін де өсіруді әдетке айналдырған. Сондай жанның бірі – Жуантөбе ауылдық округінің тұрғыны Айнұр Ысқақова. «Үйде отырып бір жағынан ­отбасымызбен уақытымызды өткізсек, екінші жағынан кітап оқып, шығармашылық жеке қасиеттерімізді дамытамыз. Сондай кезде өзімізді жайлы сезінуіміз үшін әдейі гүл өсіремін» дейді кейіпкеріміз. Иә, «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген бар емес пе? Ендеше бөлме гүлдерін қалай баптау керек екені туралы толығырақ тарқататын боламыз.

– Бала күнімде жеке гүл сататын дүкенім болса ғой деп армандайтынмын. Өмір ғой. Бойжетіп тұрмыс құрып, гүлдердің ортасына топ ете қалдым. Айтайын дегенім, екінші анам гүлдің түр-түрін өсіреді. Содан не керек, өзім армандағандай гүл өсірудің қыры мен сырына қанық болдым. Қазіргі таңда 15-тен аса бөлме гүлдерін өсіріп жатырмын. Гүл сатып, пайдаға кенелу ойымда жоқ, бұл менің жеке хоббиім ғана. Болашақта гүлдердің санын арттырып, үйімді гүлді мекенге айналдырғым келеді, – дейді бағбан.
Біздің түсінігімізде гүл өсірумен тек арнаулы мамандар айналысады емес пе? Дегенмен өзі өзге салада жұмыс атқарса да, гүл өсірудің хас шебері бола білген кейіпкерімізге ол жағы қиындық туғызған емес. Айта кетейік, гүл өсіруді жанына серік еткен А.Айтмұхамедқызы 10 жылдан бері мәдениет саласында қызмет етіп келеді.
– Менің гүл өсірумен айналысқаныма небәрі 2 жыл болды. Аптаның демалыс күндерін гүлдерімді қадағалауға жұмсаймын. Гүл өте нәзік келгендіктен, қажетінше суын, витаминдерін беріп, әрқайсысына мұхият назар аударамын. Арасында ішкі сырымды ақтарып алатыным да бар. Қуанышымды да жасырмаймын. Өзім үнемі позитивті көңіл-күйде жүремін. Гүлдерім жайқалып тұрғанын көргенде, жұпар иесі мұрныма келгенде ерекше шабыттанамын. Әсіресе, жаңа ашылған гүлді көрген бір ғанибет, – дейді А.Ысқақова.
Кейіпкеріміздің айтуынша, гүл өсірудің әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгерген жөн. Бөлме гүлдерін суарғанда суды мөлшерден асырмаған абзал. Тіпті құйылатын судың бөлме температурасымен шамалас болуы қажет. Ал ылғал сүйетін гүлдердің тамыры үнемі суда жатуы тиіс. Яғни өсімдік ауруға шалдықпас үшін ылғал, жарық, көлеңке сүйгіштігіне қарай бөлмелерге орналастыру керек екенін де тілге тиек етті.
Иә, «Гүл – табиғат-ананың сыйы» деп бекер айтылмаған. Бір жағынан адам жанына жұлулық ұялатып, көңіл-күйдің көтерілуіне септігін тигізсе, екінші жағынан денсаулыққа да жақсы әсері бар. Ендеше гүл өсіруге жаны құмар кейіпкерімізге біз де сәттілік тілейміз.

Фариза КЕНЖЕШОВА


11 шілде 2020 ж. 1 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930