Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Көктем келіп, күн мен түннің теңелер сәті –Әз-Наурыз мерекесін барша қазақ халқы ерекше тойлаған. Жаңа жылға аман-есен жеткені үшін алғыс айтып, қазанын отқа қойып, наурыз көже әзірлеген. Осы құндылықтарды өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатында «Думан» балабақшасында ашық тәрбие сағаты өтті. Оны топ тәрбиешісі Г.Асанқызы ұйымдастырды.

Ұлы Дала төсінде мыңдаған жылдар бойы үзілмей тойланып келе жатқан Әз-Наурыз да есігімізден кірді. Ел аузынан жеткен аңыздарға қарағанда, Нұх пайғамбардың кемесінің табаны қарайған жерге алғаш тірелгенде, одан нәуірзек ұшқан екен, сонда наурыз гүлі – бәйшешек гүлдеп тұрыпты. Сол сәтте көк аспаннан қасиетті қазан түсе қалып, жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері дәм татады. Осылайша бұл күн «Ұлыстың ұлы күні» деп жария болады.Бір ғана Наурыздың «Наурыз айы», ­«Наурызнама», «Наурызкөже», «Наурыз тойы», «Әз», «Қыдыр», «Саумалық», «Мұхаррам» (тыйым)­, «Қызылбастың наурызы» ­атау­лары ел арасына кеңінен тараған. Наурыздың 22 жұлдызы – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнайтын күн. Ал осының бәрін біліп өскен бала салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сыйлауды үйренеді. «Ару» тобының тәрбиеленушілері наурыз мерекесін ерекше көңіл- күймен қарсы алып, өнерлерін де ортаға салды.

Гауһар БАЙЖАНОВА


27 наурыз 2020 ж. 2 089 0