Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Арықтаудың құпиясы

Арықтаудың құпиясы

Көптеген қыздар салмақ қосқанда беттері тола бастайды. Бетті арықтату үшін қандай диета ұстанып, қандай жаттығулар жасау керек? Күніне 2 литр су ішіңіз Суды қажетті мөлшерде ішу арқылы сіз ағзаңыздан артық улы заттарды шығарасыз. Осылайша беттің, қол-аяқтың ісінуінен сақтанасыз. Ал бұл беттің дөңгелектенуінің бірден-бір себебі. Газдалмаған минералды су не жасыл шай да ішсеңіз болады. Әрине басқа сусындар да шөлді қандырады, алайда олар таза судың пайдасымен салыстыруға келмейді және олардың құрамында калорий көп болады. Көкөніс пен жемістер күніне 3 рет Осы ережені ұстанған жандар салмақ тастаудан басқа амалы қалмайды. Көкөніс пен жемістердің құрамында шырын көп болады, сондай-ақ олар клетчатка мен дәрумендерге бай. Бір алма, сәбіз салаты қарныңызды тойдырып, тәтті шоколад пен тіскебасарлардың әсерінен сақтайды. Жұмыс орныңыздағы тіскебасарлар тек жеміс пен көкөністер болсын. Кальцийді көптеп қабылдаңыз Күніне кем дегенде 1,2 мг кальций қабылдасаңыз, арықтау процесі тезірек жүреді екен. Ол үшін күнделікті 3 стақан сүт не 800 грамм ірімшік жеу керек екен. Кальций сүтті тағамдардың барлығында, балықта көп болады. Кепкен жемістер мен жаңғақтар да қажетті кальций шамасымен қамтамасыз ете алады. 250 калорий ережесі Екі аптада 1кг тастау үшін, аптасына 3500 калорийдан арылуыңыз керек. Күніне 500 калорий деп есептесек, оның жартысы физикалық жаттығу есебінен, екінші жартысы рационнан болуы керек. 500 калорийді 30 минуттық жаттығулар, жүгіру нәтижесінде, ал басқасына рационнан тәттіні алып тастау нәтижесінде жете аласыз. Осылай асықпай, бірақ тұрақты түрде арықтап, денсаулыққа зиянын тигізбейсіз. Тұз кемітіңіз Тұзды тағамдарды сүйіп жейтін қыздардың беті ісіп, бұл тұрақты құбылысқа айналуы мүмкін. Жартылай дайын тағамдар, картоп чипсылары, тұздалған жаңғақтар, қақталған, сүрленген тағамдардан мүлдем бас тартыңыз. Жалпы тағамды аз тұздап үйреніңіз. Айта кетсек, бұл қан қысымының тұрақтануына да пайдалы. Жаттығулар Тек диета әсерінен арықтасаңыз, теріңіздің босап қалу мүмкіндігі бар. Жаттығулар арқасында тері мен бұлшық еттердің шымыр болуына көмектесесіз. Дайындаған: Сания Аринова

14 мамыр 2020 ж. 180 0

Қоғам

Ақ халатты Ақтоты

08 шілде 2020 ж.

Әлемі бөлек Әшімхан

08 шілде 2020 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8804)

08 шілде 2020 ж.

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам