Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Айнаға көп қарауға болмайды

Айнаға көп қарауға болмайды


Қазіргі таңда айнаны қарапайым қажеттіліктен гөрі үйге, кеңселерге, демалыс орындарына сән беру мақсатында да іліп қояды. Алайда, оның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы да бар екен.  Ел арасында «айнаны сыйға тартуға немесе бұрын қолданылғанын сатып алуға болмайды» деген сөз кең тараған. Себебі айна – қараған жанның энергиясын өзіне тартып алып, адамдардың бет-бейнесін, қимыл қозғалыстарды компьютер бағдарламасы секілді жадында мықтап сақтап қалады. Ендеше айнаның өзіндік сырлары мен ерекшеліктерімен таныс бола отырыңыздар. Қыздардың қалтасынан түспейтін заттардың бірі –айна. Шамамен арулар күніне айнаға кем дегенде 20 шақты рет қарайды екен. Ал айна адамның көңіл-күйіне тікелей әсер ететін сиқырлы зат. Америка ғалымдары күні бойы айнаға жиі қараған адамның кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетінін байқаған. Сонымен қатар айнаға көп  қарау әдеті есте сақтау қабілетін де төмендетеді екен. Себебі айна адамның өмірлік күш-қуатын өзіне тартып алып, азғаны әлсірететін қасиетке ие.  Сонымен қатар көшір­меңді анық қайталайтын айнаға көп қарай беретіндер тезірек қартаю белгісіне ұшырайды. Сонымен қатар ескі немесе басқа біреудің айнасына қарауға мүлде болмайды. Өйткені ол адамды қырсыққа ұшыратады. Айна адамның жағымсыз жақтарын бойына ұстап қалады да, оны басқа адамға жұқтырады. Айнаға мүлде қарауға болмайды демейміз, тек сағаттап алдында көп уақыт өткізбеген жөн және тек жақсы көңіл-күймен қараған дұрыс. Яғни, өз бейнеңізге күліп қарасаңыз, онда ағза жағымды қуат алып, күшейе түспек. Қазақ халқының ырымында «Айнаны ашық қалдыруға болмайды, әсіресе  жаңбыр жауғанда және үйде адам кайтыс болғанда» деген ұғым бар. Себебі айнаға сол адамның духы кiрiп кетедi дейді. Сонымен қатар ұйықтайтын бөлмеге де айна қоюға болмайды. Түнде ұйқыдан тұрғанда адамның көзінің көру қабілеті бірден жақсы болмайды, яғни, көзіңіз ашып немесе бұлдырап тұрады.  Ұйқыдан ояна сала көз дайындығынсыз сізге қарсы қарап тұрған айнадағы өз бұлыңғыр бейнеңізді көріп, шошып қалуыңыз мүмкін. Осы айтылғандардан сақтану үшін айнаны күн сәулесі мол түсетін тұсқа қою қажет. Сонда жаман энергия жойылады. Бетін жиі сүртіп, тазалау да жақсы көмек.

23 ақпан 2020 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам