Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар көлік айнасын таңбалап қоюға кеңес беріп отыр 

Мамандар көлік айнасын таңбалап қоюға кеңес беріп отыр 


Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін тәртіп сақшылары автобөлшек сатушыларына қатаң қарады. Әсіресе Алматыдағы базарларда рейд жүргізіп, күдікті бөлшек сатқандарды ұстады. Қылмыстың жасалу жолдарын анықтады. Ал Елордада ше? Елордада ұрланған бөлшек сатыла ма? Бұл Ернар есімді азаматтың көлігіндегі су жаңа айна. Су жаңа дейтініміз бұрынғысы ұрланған. Сондықтан көлік иесі жаңадан қоюға мәжбүр болыпты.  Ернар Әкімқұлов, қала тұрғыны: - Сол түні қалың қар жауған болатын. Таңертесімен жұмысқа барайын деп көлігіме отырсам екі айнасын да шешіп алып кетіпті. Достарым Астанада мұндай ұрлық болмайды деп сендірген еді. Бірақ басыма келгенде ұрлық барлық жерде бар екеніне көзім жетті. Ал полиция қызметкерлеріне шағымданудың қажеті жоқ деп санадым. Өйткені есік алдында бейнебақылау камерасы да күзетші де куәгер де жоқ. Сондықтан полицейлердің ұрыны таба қоюы екіталай.  Ернардың тәртіп сақшыларына деген көзқарасы осындай. Кім біледі шағым түсіргенінде оң нәтиже шығармеді бәлкім. Бірақ ұрланған айна қайда кетті? Әрине ойға келетін бірінші нұсқа автокөлік бөлшектерін сататын жайма базарларға. Осыны анықтау мақсатында Елордадағы автобөлшек базарларға айна сатушы ретінде барып көрудік. Мұндағы саудагерлер көлденең көк аттыдан күдікті бөлшек сатып ала ма? Білмегіміз осы. Әуелі  бөлшектерген көлік құралдарын сататын Астанадағы ең үлкен базарға бардық.  Бірақ бұл жердегілер бізден күдіктенді ме әлде шынымен адал сауда жүргізе ме әйтеуір ешқайсысы тауар алуға ниет білдірмеді. Біз де сатушы кейіпінен танбай келесі базарға бардық. - Сороковка тойота айна бар ма? - Жоқ -Айна алмайсыздар ма? Менде айна бар еді. - Қай жағы? - Екі жағы да? - Не болған сынған ба? -Нормально новый айна ғой. Алынған ғой. - Қаншаға сатасын? - Білмеймін бағасын? -Қайда енді қазір? - Машинада -Алып кел көрейік. - Қаншаға аласыз? - Состояниесіне қараймыз. - Состояниесі новый машинадан алынған. Оригинал. - Жоқ алмаймыз. Бәлесінен аулақ.  Осылайша бірдеңеден сезіктенді ме әлде полиция қызметкерлерінің ескертуі есіне түсті ме әйтеуір әуелде алуға ниеттенген ағамыз кейін ойынан айнып қалды. Арзандау береміз десек те «керек емес» деп басын алып қашты. Ал біз ұрлықы айнамызды келесі адамға ұсындық. Алушы бірден табыла қоймады. Көбісі бас тартты. Тек біреуімен ғана келісімге келгендей болдық. - Не іздедіңіз? - Менде айна бар еді. - Ненің айнасы? - Тойотаның -Қандай тайота? - Сороковка - Боковой айнасы ма? - Нормальный ма? - Состояниесі почти новый машинадан алынған. - Қанша сұрап жатсыз? - Білмеймін қаншаға аласыз? -Негізі қанша екен? Бағасын білдің ба? - Бағасын білейін десем сатылып тұрғаны жоқ екен. - Үш мың теңгеге алып қалайын. -Үш мың арзан емес пе, оригинал айна ғой. - Біз әрі кетсе жеті мыңнан сатамыз ғой. - Бес мыңнан берейін да екеуін 10 мыңға, қазір көрейін если что келем.  Осы тексеріс барысында ұрлықтың да ұрлықы бөлшекті сатып алушылардың да әлі толық тыйылмағанына көз жеткіздік. Енді не істемек керек? Сарапшылар өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа деген ұсатнымды ұстануға кеңес береді. Ол үшін сақтықтың ең қарапайым әрі арзан түрі айнаға көлік нөмірін жазып қою дейді. Сонда оны ешкім алмайды. Сұраныс болмағандықтан сұғанақ қолдылар да оған қызыға қоймайды екен.
Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Ерзат Зайытхан

www.24.kz
24 желтоқсан 2018 ж. 871 0