Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Antikor ortalygynda» брифинг өткізді

«Antikor ortalygynda» брифинг өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж. Тұсмағамбетов атқарылған жұмыстар бойынша «Antikor ortalygynda» брифинг өткізді.
Қызылорда қаласы және облысқа қарасты жеті ауданда«Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңселері ашылып, құрамында түрлі сала өкілдерінен құралған, арнайы тұрақты жұмыс жасайтын мамандармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Жоба қызметінің әрбір бағыты бойынша 20-дан астам азаматтық қоғам өкілдері қатыстырылуда.
Қызылорда облысында 144 ауылдық округтерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысшы топтары құрылып, қабылдау орындары белгіленіп, жауапты қызметкерлер бекітілген.
Өткен жылы облыстық департамент, басқарма басшылары жобалық кеңсе алаңында тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерінің оң шешім табуына ықпал етілді.
Облыс бойынша 304 мемлекеттік мекеменің бірінші басшылары бірінші қабатқа ауыстырылып, 47 мекеменің "Ореп space" форматындағы  жұмысына  тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.
Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында лекторлық және арнайы мониторингтік топтар, "Саналы ұрпақ" (Жоғары оқу орындары мен колледждерде) және "Адал ұрпақ" (мектептерде) клубтары тұрақты жұмыс жасауда.
Өткен жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысының жоғары және орта арнаулы отыз екі оқу орындарында адалдық елшілері жасақталды.
Облыстағы 293 білім беретін мектептерде бір уақытта  бейне байланыс арқылы "Парасаттылық сабақтары" кестеге сәйкес екі мәрте өткізілуді. Бұл шараға 30 мыңға жуық оқушылар қатысты. 
Шара соңында «Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж. Тұсмағамбетов тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін барлық тұрғындарды біріге жұмыс жасауға шақырды.
05 ақпан 2020 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (8777)

30 наурыз 2020 ж.

№23 (8776)

26 наурыз 2020 ж.

№22 (8775)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам