Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Індетті жою үшін адами капиталды арттыру қажет

Індетті жою үшін адами капиталды арттыру қажет

Бүгінгі нарық заманының ең ауыр індеті де, ең ауыр аты да «жемқор» сөзі шығар. Мұндай атқа қалуды қаламаса да, осы бір жолмен келетін қандайда бір пайданы шімірікпей қалтасына басатындары бар. Ауруын жасырғанның өлетінін ескерсек, қоғамда бар дертті жоқ деудің қажеті шамалы.

Иә, жемқорлық – індет. Ал індетке қарсы ем болу керек, анығында иммунитет күшті болу керек. Соңғы жиырма жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жазалаулар әкімшілік деңгейден қылмыстың ең ауыр түріне дейін теңестірілді. Заң қатал. Соған сәйкес, жемқорлықтың алдына да біршама тосқауыл бола алды. Бірақ түп тамырымен жою мүмкін болмай отыр.
Бұл тұрғыда Елбасы Н.Назарбаев «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес» деп жемқорлықтың аса қауіпті індет екенін айтады.
Жемқорлық фактілері көбінесе мемлекеттік қызмет салаларында тіркелгендіктен, қазір мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың бірқатар қызмет түрлерін сандық жүйеге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлем елдері бұл індетпен күресу үшін бірінде жаза күшейтіліп, бірінде жалақы көлемін арттырып, мемлекеттік қызметкерлер санын азайту шараларын қолдануда. Тіпті көрші Қытай елі жемқорлыққа қатысы барларды өлім жазасына кесуді қолға алған. Осылайша жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында адами капиталдың сапасын жақсарту жөнінде айтылған. Адами капитал – ол рухани құндылық, еңбек адалдығы, басқа да жақсы қасиеттердің жиынтығы. Ал рухани құндылығы басым адамның ешқашан жаман әрекеттерге бармайтыны айтпаса да түсінікті.
Алмақтың да салмағы бар. Жемқорлықтың жемі ас болмай, түбі қорлықта қалатындығын замандастарымыз білсе екен. Қорыта айтқанда алдымен адам боп қалайық, ал заман өздігінен түзеледі. Мақала тақырыбы айтқандай, «Жемқор» дейтін ауыр аттан аулақ жүрейік.


Лаура БАЛАБАЕВА,
№159 Еңбекші қазақ орта мектебінің мұғалімі

28 қаңтар 2020 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930