2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

Зарядталып тұрған телефонға арнайы код жіберуге болады. Кейін сол код арқылы телефонды басқа біреу басқара алады.

Соңғы кезде қоғамдық жерлерде телефонды зарядтауға арналған орындар көбейіп келеді. Алайда мамандар мұндай USB-ді қолдану қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олар арқылы телефонның ішіндегі мәліметтерді алып, вирустық бағдарламалар жүктеуге болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитин стандартты USB кабельде төрт сым болатынын айтты. Екеуі мәлімет алмасу, біреуі тоқ беру ("фазасы" әдетте 5 вольт), соңғысы — "нөл".

"Кез келген гаджетті USB арқылы зарядтау үшін "нөл" және 5 вольттік сымдар жеткілікті. Ал мәлімет алмасуға арналған сым қолданылмауы керек. Өйткені оның көмегімен зарядтау құрылғысына шағын компьютер қосуға болады. Яғни сіз телефонды зарядтауға қойғанда, ол өзге құрылғыға қосылып кетуі мүмкін", - деп ескертті маман.

09 қаңтар 2020 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930