Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар 2020 жылдың ең жақсы диеталық тағамын атады

Ғалымдар 2020 жылдың ең жақсы диеталық тағамын атады

Америкалық портал U.S. News & World Report әлемдегі ең белгілі диета тағамдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тізімді диетологтар мен зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалымдар ұсынды.

Сарапшылар жерорта теңізі тағамдарын ең оңтайлы диета деп санайды. Ол сонымен қатар диабетпен ауыратындарға да жақсы. Сонымен қатар тағамтану бағдарламаларының ішіндегі ең оңай, әрі тез дайындалатын да осы тағамдар екенін атап көрсетті.

Бұл диетаның сипаттамасында Жерорта теңізі халқы американдықтардан гөрі ұзақ өмір сүретіні және рак пен жүрек ауруымен ауыратындар аз екені айтылады.

«Мұнда ешқандай құпия жоқ - белсенді өмір салтын ұстау керек. Қызыл ет, қант, қаныққан май аз қолданып, жаңғақтар мен басқа да пайдалы тағамдар көп пайдалану керек», - дейді рейтинг авторлары.

Жерорта теңізі диетасының көп нұсқалары бар. Оның ішінде грек, итальян, испан, француз тағамдары да бар. Бұл жерде әртүрлі өнімдер қолдануы мүмкін. Бірақ дұрыс тамақтанудың жалпы қағидалары сақталған.

Үздік тағамдар ішінде гипертонияға қарсы DASH диетасы да бар. Бұл тағамдарда қаныққан май, тұз, қант аз қолданылады. Тіпті ол тағамдардың құрамынан толықтай алынып тасталған.
05 қаңтар 2020 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930