Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Телефоныңыз қосылмай қалса не істеу керек?

Телефоныңыз қосылмай қалса не істеу керек?

Егер смартфоныңыз қосылмай қалса, оны бірден жөндейтін адамдарға апарудың қажеті жоқ. Мүмкін, бұл өз күшімізбен шешуге болатын мәселе шығар. Егер мәселе смартфонның ішкі құрлысынан туса, оны қуат көзіне қоспаңыз және батырманы баса беруді қойыңыз. Телефоныңыз су еместігіне көз жеткізсеңіз, біздің кеңеске назар салыңыз.

Құрылғыны қайта іске қосыңыз. Бәлкім, телефоныңыз қатып тұрған болар. Ондай жағдайда телефон экраны қап-қара болып, ешқандай жұмысты атқара алмай қалады. Сол үшін ең дұрысы құрылғыны өшіріп, қайта қосып көріңіз.

Iphone өнімдерін қалай қайта іске қосуға болады? Iphone SE, Iphone 6S, Iphone 6S Plus смартфондары үшін «Үйге» (домой) батырмасы мен төбесіндегі не жанындағы батырмасын бірге басыңыз. 10-15 сеунд ұстап тұрыңыз. Apple логотипі көрінген кезде жібере салыңыз. Iphone 7 немесе Iphone 7 Plus болса жанындағы қосалқы батырма мен дауыс тежегіш батырманы бірге басыңыз.

Andriod өнімдерін қалай қайта іске қосуға болады? Өшіріп-қосу түймесін және дауыс тежегіш батырмасын бірге басыңыз. Экран бетінде қайта қосылу үрдісі жүреді немесе арнайы мәзір беріледі. Яғни қажетті мәзірді таңдау арқылы телефонды қайта іске қоса аласыз.

Батарейкасын алып, қайта салыңыз Бұл соңғы шыққан смартфондарға келмейтін әдіс. Себебі қазіргі шығып жатқан смартфондардың батарейкасы алынбайды. Сондықтан қолыңыздағы смартфон біз айтып отырған үлгіге сай келсе, батарейкасын алып 30 секундтен кейін қайта салыңыз.


Телефонды қуаттандырыңыз Кейбір смартфондар қуат көзі таусылған кезде автоматты түрде өшіп қалады және мүлде қосылмауы мүмкін. Сондықтан телефонды қуаттандыруға қойғанда 1-2 сағат өтпей жатып іске қоспаңыз.

Телефондағы зауыттық параметрлер бөлімін қалпына келтіріңіз Бұл тәуекел етуді қажет ететін көмек түрі. Яғни телефон қосылып, бірақ еш жұмыс істемей тұрса, телефонның қосымшасына кіріп, «зауыттық параметрлер» бөлімін қалпына келтіріңіз. Телефоныңыз қосылады, тек жеке құжаттарыңыз бен суреттеріңіз, сақталған телефон нөмірлері өшіп кетуі мүмкін. Ол үшін телефон қосымшасына кіріп, "зауыттық параметрді қалпына келтіру" батырмасын басыңыз. Телефон автоматты түрде бұл жүйені орындай бастайды. Жүйені орындар алдында сізге ескертпе келеді. "Ок" батырмасын басып, жұмысты жалғастыра аласыз.

01 қаңтар 2020 ж. 1 104 0