Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жыл ұстазы" атанған оқытушы ұшақ апатынан аман қалды

"Жыл ұстазы" атанған оқытушы ұшақ апатынан аман қалды

"Жыл ұстазы" атанған Назым Абағанова Алматы маңында болған Bek Air ұшақ апатында аман қалғандардың бірі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Казинформ» порталына сілтеме жасап.
Назым Абағанова Алматыдағы №123 мектеп директорының орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады екен.
"Мен "Жыл ұстазы" байқауының лауреаты атанғандықтан, білім министрлігі Нұр-Сұлтан қаласына марапаттауға шақырды. Таңғы сағат 4 шамасында жұбайым мені әуежайға шығарып салды. Ұшаққа отыра салысымен, көзім ілініп кеттіпті. Бес минут өтпей жатып, қатты соққының даусы естілді. Мен отырған жақтағы ұшақ қанаты жерге тиіп, от шықты. Сосын тағы бір соққының даусын естідім. Мен не болғанын бірден түсінбедім. Бір кезде менің алдымнан кереге пайда болды. Мен 13-ші қатарда отырған едім", - дейді аман қалған жолаушы.
"Әлгі керегенің не металл, не бетон екенін түсінбедім. Екеуміздің арақашықтығымыз 30 см-дей болды-ау деймін. Қалай қорқып кеткенімді ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Өзімді өліп қалдым деп ойладым. Фильм не қорқынышты түс болып жатқандай. Бір кезде үстіміздегі жүктеріміз құлай бастады. Адамдар тезірек шығыңдар қазір жарылып кетеді деп айқайлап жатты. Біреулер жарақаттардың себебінен жылап, біреулер айқайлап, көмекке шақырып жатты. Ұшақ жарылып кетеді дегенді естігенде, тезірек шығу керек деп ойладым. Аяқтарым жүрмей қалыпты: ұшақтан үйтіп-бүйтіп әрең шықтым. Қатты есеңгіреп қалдым. Құлағым тұнып тұрды. Барлығы сыртқа шығып жатты. Сөйтсек барлығымыз ұшып-қону жолағына шығып алыппыз. Сосын құтқарушылар бізді кейін шегінуді өтінді. Бізді әуежайға автобуспен алып кетті", - дейді ұстаз.
Назым Абағановға алғашқы медициналық жәни психологиялық көмек көрсетілді. Абырой болғанда, жарақаттары ауыр емес болып, ол ауруханаға жатқызылмапты. Қазір ол үйінде екен.
30 желтоқсан 2019 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031