Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данэлия жаңа бейнебаянын шығарды

Данэлия жаңа бейнебаянын шығарды

BAQ.KZ. Жас әнші Данэлия Төлешова Don’t Cha әніне түсірілген бейнебаянын шығарды.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Әншінің PR-директор Татьяна Синенконың айтуынша, бейнебаян түсірілімі қазанда "Қазақфильм" киностудиясында басталып, қарашаның соңына қарай аяқталған. Дегенмен, Данэлия мен режиссерлік топ клипті жарыққа шығаруға асықпаған. Себебі, тура екі жыл бұрын Данэлия "Голос. дети" шоуына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

"Біз графиктен сәл ауытқып кеттік және жоспардан кеш тұсаукесер жасап жатырмыз. Түсірілім тобын сәтті таңдадық, олар өз ісінің нағыз шебері. Олар барлығын жіті қадағалады, жарық, дыбыс, түс коррекциясын реттеді. Нәтижеге көңілім толды, көрермендерге де бейнебаян ұнайды деп ойлаймын", - деді Төлешева.

Клиптің сюжетінде есейіп келе жатқан Данэлияның өмірі бейнеленген. Әр жасөспірім секілді ол неше түрлі эмоцияны басынан кешіріп, өз жолын таңдайды.

Бейнебаян продюсері - Нұрсұлу Сұлтанова, ал режиссері - Марат Своик.

Don’t Cha - әншінің авторлық дебюті. Әннің сөзі Данэлияға арнайы жазылған.

Әннің авторлары украиналық ақын - Юлия Кабанова, ал композиторы - Еркехан Абдоллаев.
18 желтоқсан 2019 ж. 511 0