Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

Өнеге


30 жылдық тәуба


Бір ақсақал ғұлама шәкірттерімен әңгіме барысында: «30 жыл бұрын «Әлхамдүлиллаһ» дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін» дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: «Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен «Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты» деген сүйінші хабарға абайсыздан «Әлхамдулиллаһ» дей қалдым.
Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім. Мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болу мақсатымен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойын тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін, адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын. Топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын, – дейді.

Зынданнан құтқарған 5 дәрі



Бір хан уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан, уәзірдің шағымданбай, мойынсұнып отырғанын байқаған хан зынданға барып, уәзірді алдына алып келуді бұйырады.
Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:
– Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін.
Падишах «қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:
– Қайда ол дәрілер? Көрсет маған! – деп дүрсе қоя береді. Сонда Уәзір:
– Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни Аллаға иман етіп, істерімді оған тапсырдым.
Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп, еш шағымданбаймын.
Үшінші дәрім – сабыр.
Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.
Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін», — деп бес дәрісін айтып, ханды таң қалдырған екен.

Әзірлеген Г.СӘБИТҚЫЗЫ
07 желтоқсан 2019 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930