Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Поэзия әлемі

Поэзия әлемі


Мұхитжан Құлманбетұлы, Жөлек ауылы
Шиелі

Армысың шұрайлы мекен Шиелім,
Тағзым етіп басымды саған иемін.
Қазақ тілдің қаймағы бұзылмаған,
Жер жаннаты жерұйықтай киелім.

Өркендеп өскен өзіңсің сұлу өңірім,
Шалғайда жүрсем өзіңде болар көңілім.
Құшағы кең, қойнауы кен туған жер,
Өзіңде өтер бақытты шақ өмірім.

Қазынаң бар Қаратауда көмілген,
Ырысың бар ақ күріштен өрілген.
Төрт түлігің қыр мен Сырды жайлаған,
Айналайын дәл өзіңдей өңірден.

Қариялар нақыл айтып, көп көрген,
Дарияң бар шіреп аққан іргеңнен.
Көк кілемдей төселген табиғатың,
Картинадай айнымайды-ау бір реңнен.

Шырайлы Шиелімсің туған өлкем,
Бағзыдан келе жатқан жерің көркем.
Тереңнен тамыр алдың Сыр бойында,
Бәйтеректей жайыпсың мықтап өркен.

Анама

Түн ортасы тіршілік баяулады,
Ұйқыда көзім, көңілім ояу әлі.
Елеңдеумен дыбысқа құлақ түрдім,
Естілгендей анамның аяулы әні.

Ұйқыда көзім, көңілім ояу әлі,
Таң да атты, тереземе таяулады.
Өзіңді іздеп, жан анам, жабырқадым,
Бүгін түнде көңілім жаяулады.

Ұйқыда көзім, кірпігім ояу әлі,
Ойда ойлар әп сәтте оянады.
Ұйықтағам жоқ, жанарды аша алмаймын,
Тамшы жасқа кірпігім боялады.

Ауылым – туған мекенім

Жайлаған Сырдың жағасын,
Жөлекте туған екенмін.
Білемін оның бағасын,
Ардақтап мәңгі өтемін.

Сұрасаң жерін Жөлектің,
Бағындай жасыл желектің.
Тарихы бітпес шежіре,
Жолында тұр Ұлы Жібектің.

Дүшпандарың жасып өткен,
Жаса мәңгі Жөлегім.
Сыр суындай тасып жеткен,
Сыйым саған өлеңім.

Шиырып арқан шабытым,
Қамшылап өлең өремін.
Киген соң өлең қамытын,
Жазбасам кімнен көремін?

Теңіз боп алған бағытым,
Өлеңмен ескек есемін.
Бұйырған осы бақытым,
Алдағы күнге сенемін.

Өлеңнің ішіп сарқытын,
Талғажау етіп келемін.
Жырласам өлең жақұтын,
От болмай қалай сөнемін?

Келіп жатса уақытым,
Ақын боп елге енемін.
Сарқылмасын деп шабытым,
Музама сені теңедім.


07 желтоқсан 2019 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031