Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әліпби болашаққа бастайды

Әліпби болашаққа бастайды

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және келешекте барлық саладағы іс-қағаздар, оқулықтар, т.б латын таңбасымен жазылуы тиіс екенін айтқан болатын. Демек сол кезден бастап елімізде латын әліпбиіне көшетініміз айқындалған еді. Осылайша 2017 жылдың 26 қазанында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойылды.
Елімізде әлі күнге дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшудің маңызын түсіндіру мақсатында түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – аудандық балалар кітапханасында өткен «Тәуелсіз Қазаақстанның төл әліпбиі» атты пікір алаңы. Аталған шараны кітапханашы Перуза Түлкібай мен аудандық оқушылар үйінің «Раушан гүл» үйірмесінің жетекшісі Айгүл Әбілдашова ұйырдастырды.
Дөңгелек үстел «Ой шақыру», «Еркін микрофон», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» атты 3 бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлім «Ой шақыру» деп аталды. Онда ұйымдастырушылар латын әліпбиінің елімізге тигізер пайдасы туралы және межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін қандай іс-әрекеттер істелу керектігі жайлы ой тастады. Шара одан әрі «Еркін микрафон» айдары бойынша жалғасын тапты. Кітапханашы П.Түлкібай қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер туралы тарқатып айтып берсе, оқушылар латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстары, тиімді жақтары, оңтайлы жолдары туралы өзіндік көзқарастарын ортаға салды. Бірі латын әліпбиіне көшсек, еліміздің мәдениетімен шет елдік оқырмандар да таныса алады деп құптаса, енді бірі озық техника мен компьютер тілін еркін, жетік меңгеруге жол ашады деп қуанды.
Қорытынды бөлім «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деп аталды. Қоғамда өздерін көрсете білетін, өз еліне пайдасы тиетін, мұраты мен мақсаты айқын патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлназ Достиярова, аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары Рахметулла Жолтаев, БАҚ өкілдері, кітапхана ұжымы, оқушылар қатысты. Жиын барысында келген қонақтар да тақырыпқа сай пікір білдіріп, жас жеткіншетерге сәттілік тіледі. Кездесу соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды.

Фариза КЕНЖЕШОВА

23 қараша 2019 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930