Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада "Silk Way- Jibek Joly" дүниежүзілік би фестивалі өтеді

Елордада "Silk Way- Jibek Joly" дүниежүзілік би фестивалі өтеді

BAQ.KZ. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен Жастар жылы аясында 2-3 қарашада Оқушылар сарайында "Silk Way- Jibek Joly 2019" спорттық-бал биін орындаушылардың дүниежүзілік фестивалі өтеді.

Silk Way-Жібек жолы" - би өнерін дамытудағы инновациялық жоба. Бұл жоба Қазақстанда және әлемдік би қоғамдастығында тұңғыш жоба болып табылады. Фестиваль Ұлы Жібек жолы өткен елдерді қамтып, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің үздік мәдени дәстүрлерін дамытады, - делінген таратылған ақпаратта.

Әлем кубогы үшін Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Израиль, Италия, Қытай, Корея, Ресей, Түркменстан, Өзбекстан және Украина сияқты 12 елден 1300 қатысушы сайысқа түседі.

Фестиваль жасы мен орындалу деңгейіне бөлінетін санаттар бойынша конкурстық бағдарлама түрінде, сондай-ақ WDC, IDSU, NDC of Kazakhstan бағдарламалық талаптарына сәйкес өткізіледі. Фестиваль қатысушыларының өнерін WDC және басқа ұйымдардың халықаралық лицензиялары бар қазылар алқасы бағалайды.

03 қараша 2019 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930