Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Апаттың алдын алу маңызды

Апаттың алдын алу маңызды

Бүгінде көліктің көбейгенінен бе, әлде жүргізушілердің жауапсыздығынан ба, әйтеуір жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын болған. Әрине, ешбір адам апатқа ұшырайын деп әдейі тәртіп бұзбасы анық. Бірақ жүргізушінің денсаулығы, мас күйі және көліктің тексерістен өтпей, талапқа сай болмауы қайғылы жағдайдың бірден-бір себебі болуы мүмкін.
Сондықтан апаттың алдын алу мақсатын­да полиция бөлімі қызметкерлері күнделікті жұмысынан бөлек түрлі шаралар өткізіп келеді. Солардың бірі – «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы.
Аудан аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тір­кеу­сіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған шара 10-17 мамыр аралығында өткізілмек.
Ол үшін аудандық полиция бөлімінен арнайы штаб құрылып, жол апатының алдын алу үшін кезең-кезеңімен жұмыстар жасалады. Оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жос­парлануда. Аталған іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің заңдылығы, сондай-ақ техникалық жағдайына да тексеру жүргізілмек.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ

12 қазан 2019 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930