Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жігіттер, өткізбейік күнді босқа...»

«Жігіттер, өткізбейік күнді босқа...»

Мал азығын дайындау науқаны кезiнде партия, кеңес, комсомол, оқу-ағарту, т.б. кеңсе қызметкерлерiн жұмысқа жұмылдыру тәжiрибеде болатын. Науқандық жұмыстан редакция мен баспахана қызметкерлері де қалыс қалмайтын. Шөп шабуға барғандар қарап жүре ме, үш-төрт шыны «тентек суларын» ала барады. Күн ыстық. Егiстiктен аптап есiп тұрады. Шөлмектерiн жылып кетпесiн деп, қашыртқы су сақталатын үлкен арыққа (сброс) салып қояды. Бiр орнында тұрғандықтан да, суы салқын, шөлмектер мұздатқышта тұрғандай болады.
Жұмысқа кiрiсер алдында «жүзден» бiр-бiр тартып алады да, түстiң болуын күтедi екен. Осындайда табиғатынан тағатсыз Қанекең:
«Жiгiттер, өткiзбейiк күндi босқа,
Тезiрек жетейiкшi сбросқа!» – деп өлеңдететiн көрiнедi.
Суретте (отырғандар, солдан): тілші Ағайдар Ысымұлы, еңбекші хаттары бөлімінің меңгерушісі Қамбар Құлпейісов, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Нағашыбек Иманғалиев және теруші-беттеуші Мәлике апай.
Түрегеп тұрғандар, солдан: тілші Серікбай Әлжанов, газет редакторы Зәкім Жайлыбаев, хатшы-машинистка Злиха, әріп теруші-беттеуші Лиза Сүлейменова, радио хабарын ұйымдастырушы Мәрия Жұматова, теруші-беттеуші Жаңыл апай (1971-1972 жылдар).

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
газет корректоры.
Суретті түсірген газеттің фототілшісі
Сайдхасан ХУТАЕВ.
1971-1972 жылдары
12 қазан 2019 ж. 938 0