Әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды
BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде әскери қызметшінің психологиялық жағдайын сақтау сұрақтары бойынша ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, шараға Қазақстан Қаруы Күштері түрлерінің қолбасшылары, олардың және өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерімен, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша әскери бөлімдердің орынбасарлары, сондай-ақ офицер-психологтар қатысты.
Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-дан психология саласындағы мамандар, мемлекеттік күзет қызметінен, Шекара қызметі мен Ұлттық ұланнан өкілдер шақырылды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектановтың басшылығымен өткен конференция барысында әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығына байланысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, тұрақсыз жағдайларды анықтау үшін зерттеудің жаңа тәсілдері мен заманауи техникалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қаралды.
«Генерал-майор Мұрат Бектанов атап өткендей, басты мақсат – тұрақсыз жағдай мәселелерін шешуде бір түсінікке келіп, себеп-салдар байланысын орнату және мемлекет пен қоғамнан қолдауды қосқандағы тиімді жауап қайтару шаралар жүйесін бірлесе пысықтау», - делінген хабарламада.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар әскери қызметшілердің психологиялық іріктеу спасының және психологиялық тесттерді жақсарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әскери бөлімдер мен мекемелерде офицер-психологтардың біліктілігін жоғарлату талап етіледі. Болашақта бұның барлығы әскери қызметшінің психикалық және психологиялық денсаулығының ауытқу жағдайларын төмендетуге өз септігін тигізеді деп күтілуде.