Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шамалғандағы апат Шиеліде қайталанбасын

Шамалғандағы апат Шиеліде қайталанбасын

   
Шиеліге кіре берістегі теміржол өткелінің тұсынан көпір салынғалы жатыр деп сүйіншілеткеніміз қашан. Әйтсе де, ешбір қозғау, не бір әрекетті байқамадық.
   Кентте күн санап автокөліктің саны артып келеді. Оған осы шойын жолдан пойыз өткен кезде анық көз жеткізуге болады. бас-аяғы 5-6 минутта жолдың бір жақ бетінің өзінде шамамен 40-50-дей автокөлік кептелісте тұратын болар. Олардың арасында асығыс келе жатқаны бар, жұмысқа кешіктім деп дегбірсізденгені бар, әйтеуір, қашан қарасаң да жүргізушілер бір-бірімен орынға таласып, ентелеп жатқаны. Осындайда Шамалғанның шойын жолындағы апат қайталанып қалмаса болар еді деп, маза қашады. Әлде, жұмысты жеделдету үшін сондай бір қайғылы оқиғаның орын алуын күтіп жүрміз бе? Көпірдің жоба сметалық жұмыстары дайын екенінен хабардармыз, ал құрылысы қашан басталады? Осы жайлы газеттің алдағы нөмірінде тарқататын боламыз.

Гүлхан ЯХИЯ
24 қыркүйек 2019 ж. 1 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930