Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтеді

Қызылордада түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтеді

Қызылорда облысында түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркі әлемін тоғыстырған - Сыр елі» аталатын фестиваль 19-21 қыркүйек күндері Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде болады.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткізілетін шара тұңғыш рет қолға алынып отыр. 

«Халықаралық шараның басты мақсаты - түркітілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарих пен құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша тәжірибе алмасу. Оған еліміздің барлық өңірімен бірге Түркия, Татарстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен шығармашыл және өнерпаз жастар қатысады деп күтілуде», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сыр өңірінде түркі жұртына ортақ тарихи қалалар бар және осы жерден белгілі тұлғалар шыққан. Жанкент шаһары кезінде оғыздардың астанасы болса, түркілердің ортақ абызы - Қорқыт бабаның мәңгілік дамыл тапқан мекені Сыр топырағында жатыр.

Бұған дейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай қызылордалық ардагерлер Өзбекстан еліндегі қазақ тарихына қатысты мәдени ошақтарды аралап қайтқанын жазған едік.
18 қыркүйек 2019 ж. 885 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30