Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әйелдерге ішуге болмайтын сусын

Әйелдерге ішуге болмайтын сусын


Cөз жоқ, сыра ерлер үшін де, әйелдер үшін де аса зиян. Алайда, алкогольді сусынның жойқын әсері нәзік жандылар қауымына тиіп отыр. Сыраны көп ішетін әйелдердің сымбаты ғана бұзылып қоймай, гормоналдық жағдайын өзгеріске түсіреді. Сыраның құрамындағы фитоэстроген қыз баласының денсаулығы үшін ең жоғарғы қауіпті төндіреді. Аталған зат ағзаға түсісімен гормон теңгерімсіздігіне ұшыратып, соңы бедеулікке соқтырады. Фитоэстроген жүйке жүйесінің бұзылуына да жол ашады. Әйел ашуланшақ, күйгелек, ызақор болып кетеді. Ал көбікті сусынның салмақты арттыратыны бәріне белгілі. Сыраның бір бөтелкесінде 200-250 килокалория болады. Бұл дегенің толыққанды түскі астың жартысына пара-пар. Сондай-ақ, негізгі компоненттері (құлмақ, спирт) тәбетті күшейте түседі. Нәтижесінде, қаншалықты мөлшерде тамақ жейтініңізге есеп бере алмай қаласыз. Сол себепті, тамақтану тәртібіңізге жауапкершілікпен қарап, ағзаңызға пайдасы тиетін, сізді сұлу, дені сау ететін сусындарды таңдай біліңіз!
28 тамыз 2019 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам