Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нығматулин Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Нығматулин Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады

BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

«Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде нығайту мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан мен Қытай басшыларының арқасында екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қытай парламентшілерінің арасындағы қарым-қатынас екі елге ортақ мүдделер шеңберінде дамуда. Мәжіліс Төрағасы әріптестерінің инновациялық даму, сондай-ақ экономикалық қайта құру реформаларын заңнамалық қолдау тәжірибесі қызығушылық тудырып отырғанын жеткізді.

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі ретінде Мәжіліс депутаттары-фракция мүшелерінің қытайлық әріптестерімен байланысты кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы мен Чжан Сяо 2019 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне Жалпықытайлық халық өкілдері делегациясының қатысу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, осы уақытта Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудің Қазақстанға ресми сапары жоспарланған.
22 тамыз 2019 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930