Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Чжан Сяо: Қазақстан – аймақтағы халықаралық беделі жоғары ел

Чжан Сяо: Қазақстан – аймақтағы халықаралық беделі жоғары ел




Астанадағы «Бейжің сарайы» қонақүйінде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо ҚХР құрылғанына 69 жыл толуына және өзінің біздің еліміздегі дипломатиялық қызметіне бастауына орай жиын өткізді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Төтенше және Өкілетті елші 69 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының құрылғанын сәтіне қысқаша тоқталып өтті.
«Мао Цзэдун 69 жыл бұрын ҚХР құрылғаны туралы салтанатты түрде жариялады. Өткен 69 жыл ішінде Қытайдың коммунистік партиясының басшылығымен қытай халқы тұрақты еркі мен өшпес рухы, үздіксіз күресі арқылы «аяққа тұрып», тарихи серпіліс жасады және бүгінде үлкен алып ұлтқа айналды», - деді елші.

Чжан Сяо Қытайдың экономикалық жағдайы туралы айтты.
«1949 жылы Қытайдың жалпы экономикалық көлемі 18 млрд доллар болса, 2017 жылы 12 трлн долларға жетті. ҚХР әлемдік экономикада екінші орында нық тұр. 1978 жылы ЖІӨ тұрғындарға шаққанда 300 доллар болды, ал 2017 жылы 8 800 долларға жетті. Қытай табысы ортадан жоғары елдердің қатарына кірді. Жыл басында болған түрлі қиын факторға қарамастан, Қытай экономикасы тұрақты даму барысында бұрынғысынша оң тенденцияны сақтап отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бірінші жартыжылдықта ЖІӨ 6,8% өсті. Импорт пен экспорттың жалпы көлемі 7,9% ұлғайды. Қытай жоспарланған әлеуметтік-экономиклық дамуды толық қамтуға сенімді», - деп тоқталды дипломат.

Фото: Нұржас Жақсыбай
Сонымен қатар, елші Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының екі ел үшін маңыздылығына айрықша тоқталды.
«Қазақстан – аймақтағы халықаралық беделі жоғары ел, Қытайдың жақсы серіктесі, адал досы және жақын бауыры. Қытай екі елдің жан-жақты стратегиялық әріптестігінің дамуына ерекше назар аударады. Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына бес жыл толады. Осы уақыт ішінде жоба жоспардан нақты істерге ауысты, оған бес құрлықтан жүзден астам ел қатысып жатыр. Мемлекетаралық тауар айналымы 5 трлн доллардан асты, инвестицияның жалпы көлемі 70 млрд долларға жуықтады, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерде 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Бір белдеу, бір жол» құрылысы жаһандық экономикалық өсімге серпіліс берген маңызды қозғалтқышқа айналды», - деді ол.

Қытай – сауда көлемі жағынан Қазақстанның екінші серіктесі.
«Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында, Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әрі қарай өрбітіп, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын дамытты және жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сауда серіктестігінің көлемі жағынан Қытай Қазақстанның екінші серіктесі болып тұр. Бұл – саяси өзара сенімділікті, іскерлік ынтымақтастықты және екі елдің стратегиялық әрекеттестігінің жоғары дәрежеге жеткенінің айғағы», - дәп мәлімдеді Чжан Сяо.

Ол елші ретінде екі ел арасындағы стратегиялық қатынасының кемелденген шағында дипломатиялық миссия орындауға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Маған Қытай-Қазақстан қатынасының жаңа кезеңі басталғанда Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалу мәртебесі бұйырыпты. Мен бұл миссияның маңыздылығын жақсы түсінемін және маған артылған жауапкершілікті білемін. Бүгін менің елші болып тағайындалғаныма 30 күн болды. Мен екі ел қатынасының бұдан әрі тұрақты дамуы үшін бар күшімді саламын, аянбай еңбек етемін. Қазақстандық әріптестерім мені жан-жақты қолдайды деп үміттенемін», - деп түйіндеді сөзін елші.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Қытай қазақстандықтардың көзімен» фотоконкурсының жеңімпаздарын еліміздегі ҚХР-дың Төтенші және Өкілетті елшісі Чжан Сяо марапаттаған болатын.


Baq.kz сайты
30 қыркүйек 2018 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930