Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс неге тоқтады?

Құрылыс неге тоқтады?


«Астана фильм» киностудиясы құрылысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Үкімет отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді.

«23-іне брифинг өтеді. Брифингте нақтырақ айтатын боламыз. Жұмыс шынымен тоқтатылды, себебі бұл өте маңызды жоба. Қазір еліміз үшін, қоғам үшін тамаша жоба болуы үшін барлық нұсқалар қарастырылып жатыр», - деді мәдениет және спорт министрі Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Райымқұлованың айтуынша, бүгінде жоба құрылысы есептеліп жатыр және тек объективті себептерге байланысты тоқтатылды.

Айта кетсек, 2018 жылы қарашада «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов елордада жақын жылдары «Астана фильм» кино студиясы салынатынын айтты. Оның сөзінше, осы мақсатта ЭКСПО аумағында шамамен 50 гектар жер бөлінген.
20 тамыз 2019 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031