Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме?

Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме?

Жаңа заң жобасы аясында мұғалімдердің зейнет жасын 55-58-ке дейін төмендету ұсынылған еді
. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың зейнет жасын төмендетуге қатысты өз пікірін білдірді.
Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер мұғалімдердің зейнет жасын төмендету туралы сұрады.
"Педагог мәртебесіне қатысты мұғалімдер 55-58 жаста зейнетке шықса деген ұсыныс айтылды. Ұсыныстардың 70 проценті осы мәселеге бойынша болды. Осыған қатысты сіздің министр ретінде жеке ұстанымыңыз қандай?", - деп сұрады тілшілер.
Министрдің айтуынша, ұстаздардың зейнет жасын төмендететін болса, басқа саланың мамандары да осыны талап етеді. Сол себепті әзірше бұл мәселе тек талқылау сипатында ғана қаралып жатыр.
"Біз бұл мәселені бірнеше рет талқыладық. Енді, жалпы бізде зейнетке шығу бойынша заңда бекітілген өзінің уақыты бар. Біз ұстаздарға осындай құқық (55-58 жаста зейнетке шығу - Sputnik) беретін болсақ, онда басқа саланың мамандарын да, мысалы дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлерін ескеру керек болады, басқа мәселелер де шыға береді. Сондықтан бүгінде бұл мәселе тек талқылау үстінде, әлі оң шешілді деп айта алмаймыз", - деді Аймағамбетов.

18 тамыз 2019 ж. 1 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031