Димаш Азиядағы ең сымбатты ер адам атануы мүмкін

Осы жолы оның үміткерлігін Азия бөлігіндегі "ең сымбатты азиялық тұлға" номинациясы бойынша ұсынды.
Бұл туралы байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасынан белгілі болды.
Қазақстандық әншіні қолдау үшін суретке лүпіл қойып, жазбаның астына пікір қалдыру қажет.
Жазба жарияланғаннан кейін 6 сағат өткен соң қырағы жанкүйерлер талаптарды жедел орындап, әншіге пікір жазып, кірісті.
"Димаш Құдайберген - ең сымбатты жігіт, сүйкімді, әлемдегі ең жақсы дауыс, таза жан, ерекше талантты және тартымды адам", "Димаш - Жаратушы берген талант! Димаш - Құдай берген дауысы! Димаш - Құдай берген сұлулық! Димаш - Құдай берген тартымдылық! Димаш - Қазақстан мен оның халқының бейнесі мен мақтанышы", "Ең сымбатты. Қазақстанның мақтанышы, жас екеніне қарамастан құрметке ие! Құдай берген еңбек пен талант", " Димаш - нөмір бірінші жұлдыз! Ол өте талантты, сымбатты, білімді. Димашты көшбасшы етіп шығарайық", "Димаш Құдайберген - ең әдемі және тартымды жігіт! Өте дарынды, еңбекқор және ерекше талантты! Әлемдегі ең үздік дауыс", - деп жазды жанкүйерлер.
Айта кетейік, өткен жылы Димаш TC Candler тәуелсіз бьюти-сыншыларының болжамы бойынша "Жылдың сымбатты 100 тұлғасы" қатарына кірді.
Бірінші орынды Акваменнің кейіпкері мен "Тақтар ойынындағы" Дхалдың рөлін сомдаған актер Джейсон Момоа иеленді.