Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрлі елдегі “біртүрлі” заңдар

Түрлі елдегі “біртүрлі” заңдар

ТүÑÐ»Ñ ÐµÐ»Ð´ÐµÐ³Ñ âбÑÑÑÒ¯ÑлÑâ заңдаÑӘрбір мемлекеттің азаматы  өз ішкі заңдарына бағынады. Кейде қабылданған заңдар өзінің қатаң һәм "біртүрлілігімен" қоғам арасында сауал тудырады. Бірақ мәселенің тамырына мән беріп қарайтын болсақ, бұл қабылданған "біртүрлі" заңдар шынында да қажеттіктен туындағанын аңғарамыз.  1. Балалардың сұлулық байқауы (Франция) Франция үкіметі 16 жастан кіші балалар арасында сұлулық байқауын өткізуге қатаң тыйым салған. Ешқандай жасөспірім қыз бұдан былай "Кіші-мисс Франция" тәжіне қол жеткізе алмайды. Егер аталған заңды бұзсаңыз 30 мың еуро айыппұл төлеп немесе 2 жыл бас бостандығыңыздан айрылуыңыз мүмкін.  "Біз жасөспірім қыздарымызды кішкентайынан бастап "жалғыз байлығым сыртқы сұлулығым" деген пікірге сеніп қалудан қорғауымыз керек", - дейді заң қабылдаушылар.  2. Домалақ аквариумдер (Италия) Италияның кіші қалашығының әкімшілігі балықтарға арналған домалақ аквариумдерді пайдалануға тыйым салған. Дәл осындай заң кейін Римде де қабылданған. Мұндай ыдыстар балықтарға өте зиян екен. Біріншіден, олар балықтарға оттегі жеткізіп бере алмайды, екіншіден, оларда фильтрге арналған орын жоқ.  3. Өсек тарату  (Филиппин аралдары) Биналонан қаласында өсек тарату заңмен тыйым салынған. Қала басшыларының сөзінше, ғайбаттау әртүрлі ұрыс-керіске себеп болады. Жаман сөз айтуға кеткен уақытты жақсы іске жұмсау қажет. Заңды бұзғандар 200 песодан (3,5 еуро) басталатын айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады.   4. Иттерді күніне кем дегенде 3 рет серуенге алып шығу  (Италия) Туриндегі (Италия) жергілікті тұрғындар өз иттерін күніне кем дегенде 3 рет серуенге алып шығуға мәжбүр, әйтпесе, 500 еуро айыппұл төлейді. Бұл иттерді серуенге алып шығып, нәпақа табатындар үшін жақсы жаңалық болған және бұл заң иттерге де жақсы. Италия үкіметінің иттер өмірін мейлінше жақсы һәм пайдалы еткендері үшін РЕТА ұйымы жоғары бағалаған. 5. Винни Пух (Польша) Ойын алаңына арналған символды таңдау кезінде Тушин (Польша) үкіметі Винни Пух нұсқасынан толығымен бас тартты. Шенеуніктер бұл жартылай жалаңаш аю өскелең ұрпақтың  санасына кері әсерін тигізді деген пікірде. Аюдың суретін барлық балалар мекемелерінде және балалар демалыс орындарында пайдалануға тыйым салынған. 6.Жергілікті тұрғындардың казиноға баруы (Монако) Монако  бай адамдардың сүйікті мекеніне айналуының басты себебі – қаладағы көздің жауын алатын әсем казинолар. Құмар ойын ғимараттары әлемнің төрт бұрышынан келетін қонақтар үшін ашық, бірақ жергілікті тұрғындарға тыйым салынған. Себебі, Монако үкіметі өз азаматтарының құмар ойынға беріліп, кедейліктен зардап шекккенін қаламайды.  7. Балаларды ұру (Швеция) Швеция – өз аумағында балаларға қатысты кез келген физикалық жазаны алып тастаған бірінші ел. Заң қабылданғаннан бастап (1979) бірнеше ұрпақ өмірге келді. Осындай ережелер кейін Финляндияда, Норвегияда, Аустрияда және басқа елдерде қабылданды. Бұл бастапқыда әдеттен тыс болып көрінуі мүмкін, бірақ кейін аталған заң дұрыс қабылданған заңдардың бірі екендігіне адамдардың көзі жетті. Бұл "біртүрлі” заңдардың соңы нәтижелі болады дегенге жарқын мысал бола алады.  8. Мемдерді көшіру немесе тарату (Аустралия) Аустралияда мемдер мен көңілді бейнелерді тарату мүмкін емес. Егер сіз YouTube-те мем немесе карикатураны бөлісетін болсаңыз 93 500 доллар айыппұл төлеп немесе бес жылға бас бостандығыңыздан айрылуыңыз мүмкін. Бұл елде интернет қолданушыларына қауіп төндіретін авторлық құқық туралы өте қатаң заң бар. Қазір заңның күшін жою немесе жеңілдету әрекеттері жасалып жатыр, әзірге нәтижесіз. 9. Түн жарымда видеоойындар ойнау (Оңтүстік Корея) Оңтүстік Кореядағы өсіп келе жатқан видеоойындар нарығы балалар ойындарымен байланысты ірі мәселелер туындатып жатыр. Осы тәуелділіктің алдын алу үшін үкімет "Күлбике заңы" деп аталатын арнайы заң қабылдаған. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 00:00-ден 06:00-ге дейін видео ойын ойнауға тыйым салынады.  Заңға амал қылмаған компаниялардың жауапты қызметкерлері 10 000 доллар айыппұл төлейді немесе 2 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 10. Көше тағамдары және монопод (Италия) Билік Миланның орталығында көше тағамдарын сатуға тыйым салды, сонымен қатар селфи таяқшалары мен шыны бөтелкелерді де заңсыз деп тапты. Шектеулер көшелердегі тәртіпті сақтауға бағытталған. Полиция туристерге осы заңға бағынбағаны үшін 900 еуроға  дейін айыппұл сала алады (әдетте одан аз) және олардың 48 сағат ішінде аймақтан кетуіне тыйым салады. 11. Жасмин гүлі (Қытай) Коммунистік мемлекет үкіметі 2010 жылы Тунистегі "жасмин революциясы" ҚХР-дағы наразылық білдірушілерді шабыттандырады деп қорқып, бұл нәзік ақ гүлге тыйым салған. Жасминнің иероглификасын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолдануға болмайды, жасмин туралы әндер интернеттен өшіріліп, дүкендерде аталған гүлді сатуға тыйым салынған.  12. Талға өрмелеу (Канада) Торонтоның муниципиал кодексі демалыс орындарындағы талдарға өрмелеуге тыйым салған. Аталған заң балалар мен  үлкендер үшін де бірдей. Оны бұзсаңыз айыппұл төлейсіз (2013 жылы жас жігіт бұл үшін 365 доллар төлеген). Бұл заң адамның денсаулығы мен ағаштарды сақтау үшін қабылданған. Бірақ жергілікті тұрғындардың көпшілігі аталған заңды шектен шыққандық деп есептейді. 

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 613 0