Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Беттегі қара нүктелерді қалай кетіруге болады?

Беттегі қара нүктелерді қалай кетіруге болады?

ÐеÑÑÐµÐ³Ñ ÒаÑа нүкÑелеÑÐ´Ñ Òалай кеÑÑÑÑге боладÑ?өптеген қыз мұрын мен беттегі қара нүктелерді кетіруді армандайды. Қымбат, қол жетпес иісмай алғаннан ешқандай пайда болмады ма? Ендеше үй жағдайында табиғи маска жасап, қолданып көріңіз. Лимон Лимон бөртуді емдейтін табиғи өнімнің бірі саналады. Оны пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Лимон мен зәйтүн майы 3 тамшы зәйтүн майы мен бірнеше тамшы лимон шырынын араластырып, бетке жағыңыз. 10 минуттан соң салқын сумен жуыңыз. Бұл қоспаны күнде жағып тұрғаныңыз жөн. Лимон мен қант 1 ас қасық қанттың бірнеше тамшы лимон шырынымен араластырыңыз. Скрабты бетке жағып, уқалаңыз. Салқын сумен жуып тастаңыз. Лимон, йогурт пен сұлы қауызы 2 ас қасық табиғи йогуртты 3 ас қасық сұлы мен 1 ас қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз. Сонымен қатар лимонды сығып, ешнәрсемен араластырмай, мақтамен сулап, бетке 15 минутқа қоюыңызға болады. Грейпфрут 1ас қасық сұлы қауызы мен ¼ стақан грейпфрутті араластырыңыз. Бетке жағып, 15 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл әдісті аптасына 1 рет қайталап тұруға болады. Қызанақ Құрамында А, С дәрумендері мен лимон қышқылы мол болғандықтан, беттегі бөртулерді емдейді. Қызанақ маскасын дайындау үшін оны ұсақтап кесіп, авокадомен араластырыңыз. Бетке жағып, 15 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бал Қою балды бетке жағып, уқалаңыз. Саусақтар бетке жабыса бастағанда, жылы сумен жуып, салқын сумен шайыңыз. Бұл әдіс беттегі ұсақ тесіктерді ашып, қара нүктелерді шығаруға көмектеседі. Жұмыртқа ағы Жұмыртқаның ағуызын бөліп алып, жақсылап араластырыңыз. Жұқа етіп бетке жағып, бірнеше минуттан соң екінші қабатын жағыңыз. 20 минуттан соң маска әбден кепкеніне көз жеткізіп, жылы сумен жуыныңыз. Ас содасы Соданы сумен араластырып, пилингке қоспа дайындаңыз. Бетке жағып, бірден жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл әдісті аптасына 2-3 рет қайталауға болады. Саз (глина) Көгілдір не қызыл сазды бірдей көлемде алып, алма сірке суымен араластырыңыз. Бұл қоспаға кез келген эфир майын қосуға болады. Масканы бетке жағып, 20 минуттан соң мақтамен сүртіп тастаңыз. Іске сәт!

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 921 0