Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйреніп те қалғандаймын қарттыққа

Үйреніп те қалғандаймын қарттыққа

Өмір – өзен, келем жүзіп ішінде,
Қартайған соң қалмады ғой күшім де.
Уақыт шіркін неге жүрдек болды екен?
75 жас өңім бе, әлде түсім бе?

Жас кездегі қызық қайда кешегі?
Кәріліктің самайымнан желі бүгін еседі
Ағайындар қорған болып тұрса да,
Бұл фәниде «Адам – қонақ» деседі.

Бірге жүрген достар қайда кешегі?
Қатарымыз сиреуменен өмір енді өтеді.
Інілерім, иман ізде жас шақта,
Ал, қалғанын Алла өзі шешеді.

Тоқшылықты, жоқтықты да көрдім-ау,
Жанұяма тек жақсыны бердім-ау.
Адал жолмен таза жанға үйір боп,
Сол қарқынмен, қарттыққа да келдім-ау,


Болмайтынды жүрмейікші той қылып,
Алдымыздан тұрсын ылғи таң күліп.
Ұрпағыма жыр қалдырсам сол олжа
Дәулет болмас мен жинаған мал-мүлік.


Серікбай ЖҮНДІБАЕВ,
Бидайкөл ауылы,
Ардагерлер кеңесінің төрағасы
10 тамыз 2019 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31