Жұмыс уақытында шаршамас үшін
Ұйқы қанбаса, оның үстіне ерте тұрып алсаңыз, түс мезгіліне дейін қайта-қайта көзіңіз шаршап, ұйықтап кететін сәттер бола ма? Бұл барлық адамға тән. Ұйқыдан оянған соң, адамның миында түс инерциясы деген процес жүріп жатады. Адам бұл процестен біразға дейін шыға алмай жүреді.
«Түсімді қимай тұрмын» деген сөз осыдан шыққан. Инерция деген – қатты екпінді күштің соңғы әсері. Түс те екпінді күші әсерінен адамды көпке дейін ұстап тұрады. Тек түскі астан кейін адам баяулап қалпына келеді.
1. Миды жұмыстармен қорқытыңыз
Таңерте ерте тұрып, жұмысқа келдіңіз делік. Бірақ ми әлі ояна қоймады. Жұмыс барысында кешке дейін біраз іс тындыру керек. Сол үшін таңмен күні бойы не істейтініңізді тізіп жазыңыз. Атқарылуы керек жұмыстарды көріп сана жаймен оянады. Әрине, бұл жерде сіздің жұмысқа деген жауапкершілігіңіз маңызды рөл атқарады. Бұл істерді уақытында бітірмесеңіз, сізге кері әсер тие ме, айлығыңызды қысқарта ма? Осындай жақтарын ойлаңыз.
2. Таңғы жұмыстар
Киіміңізді дайындаңыз, заттарыңызды сөмкеңізге салып қойыңыз, таңғы, түскі ас пісіріңіз. Бірақ бәрін жатар алдында дайындаңыз. Таңғы уақытты осылай үнемдеңіз. Бос уақытта аздап көз іліп алыңыз.
3. Жұмыстың жартысын үйге алыңыз
19.00-21.00-дің арасында адамның қуаты арта түседі. Бұл уақытта қиын тапсырмаларды орындауға болады. Жұмыс кешкі 6.00-ге дейін болған соң, тапсырманы үйге алуға тура келеді. Ешнәрсеге алаңдамай, алдыңыздағы тапсырманы бітіруге тырысыңыз. Әр тапсырмаға уақыт бөліп қойыңыз. Мысалы, 18.30-19.30-ға дейін қағаз толтырамын, 15.30-16.45-ке дейін жиналыста боламын.
4. Сергектік сыйлайтын тағамдар
Қара шоколад, салқын су, жеміс дәмі бар шай, жидектер, апельсин шырыны, жаңғақ, алма, ет, жұмыртқа, анар, сұлы жармасы – бұлар сіздің күнделікті мәзіріңізден табылуы тиіс. Жұмысты қарқынды түрде атқару үшін құрамында белсенділік сыйлайтын заттары бар тағамдарды жеп тұру керек. Құр судың өзі ұйқыны ашуға көмектеседі.
5. Демалыс уақыты
Демалыста адам демалады. Аяқталмай қалған істі бітіру керек деген қағиданы ұмыту керек. Жұмыс күндері жасалу керек дүние жұмыс үстелінде бітуі керек болатын. Телефон, теледидарды өшіріп, тамақ пісіріп, суға түсіп, шығармашылықпен не хоббимен айналысып, миға тыныштық беру керек. Сол себепті, демалыс уақытын тиімді пайдалана біліңіз.
Massaget.kz сайты