Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фрида Кало: Суретшінің дауысы жазылған таспа табылды

Фрида Кало: Суретшінің дауысы жазылған таспа табылды

Мексика Ұлттық кітапханасынан қылқалам шебері Фрида Калоның дауысы жазылған алғашқы аудиотаспа табылды. Ұлттық мұрағаттың жетекшісі Павел Гранадос айтқандай, суретшінің дауысы осы күнге дейін құпия болып келген. Сол себепті, бұл жазбаның да Фриданың дауысы екенін сеніммен айту мүмкін емес. Арнайы сарапшылар зерттеу жұмыстарын жалғастырады. Аудиофайл мексикалық сценарист Альваро Гальвес Фуэнтестің құжаттары арасынан табылған. Жазба El Bachiller радиошоуының пилотты нұсқасының бір бөлігі екен. Ол 1995 жылы, яғни, суретшінің өлімінен кейін эфирге шығарылуы керек болған. Аудиода ол өзінің "Диегоның портреті" деген эссесінен үзінді оқыған. Бағдарлама Калоның күйеуіне арналған.

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандарға Фрида Кало есімі жақсы таныс. 1907 жылы Мехико қаласында дүниеге келген суретшінің шығармашылығы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Оның суреттерінің көпшілігі автопортрет жанрында салынған. Сол автопортреттерінен бар болмысын көресіз. Маңдайына тауқыметке толы қиын тағдыр жазылған дарын иесінің сырт келбеті де оның ішкі жан дүниесі секілді тым ерекше. Жақында ғана ғаламторда Фриданың өнерсүйер қауым бұрын-соңды көрмеген жаңа суреттері пайда болды. Олардың көпшілігі суретшінің жас шағынан сыр шертеді.

Фотосуреттер 1922 жылы National Preparatory School мектебінде түсірілген. Қиялшыл Кало ол кезде дәрігер болуды армандаушы еді.

Massaget.kz сайты
06 тамыз 2019 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930