Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марк Цукерберг Instagram мен WhatsApp атауына өзгеріс енгізбек

Марк Цукерберг Instagram мен WhatsApp атауына өзгеріс енгізбек

Марк Цукерберг негізін қалаған Facebook компаниясы өзінің екі басты активі – Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінің атын өзгертеді. Олардың атауында түбегейлі өзгеріс болмайды, екеуіне де "from Facebook" деген маңызды қосымша жалғанады.

Компания өкілі Берти Томсон бұл хабарламаны растап, былай деді: "Біз Facebook-тің құрамдас платформаларының атауын нақтылап көрсеткіміз келеді".

Дегенмен, АҚШ-тың Федерал сауда комиссиясының антимонополиялық талабы бойынша, олар енді ресми "Instagram from Facebook", "WhatsApp from Facebook" деп аталатын болады. Талап негізі мынада – көп қолданушы WhatsApp пен Instagram-ның Facebook компаниясына тиесілі екенін және деректер қоры ортақ екенін біле бермейді.

App Store мен Google Play интернет-дүкендерінде Instagram from Facebook және WhatsApp from Facebook деп қашан пайда болатыны және смартфон экрандарында қалай көрініп тұратыны әзірге белгісіз.

Massaget.kz сайты
06 тамыз 2019 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031