Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорданың үздік тауарлары анықталды

Елорданың үздік тауарлары анықталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы конкурсына өңірлік іріктеу байқау-көрмесі өтті.

Сарапашылар комиссиясы өңірлік тур барысында елордада өндірілетін үздік тауарларды үш номинация: «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықтады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аталған конкурстың маңыздылығына тоқталды.

«Біз өз еңбегімен бизнесті дамытып жатқан адамдарды көріп, қуанып отырмыз. Бұл аса маңызды. Себебі біздің қаламыз көркейіп, өркендеп келе жатыр. Қала басшылығы тауар өндірушілеріміздің деңгейін арттыруға баса назар аударуда», - деді Бақтияр Мәкен.

Атап өтсек, биылғы көрме-байқауға 100-ден астам астаналық компания қатысты, оның 70% - жаңа қатысушылар.

Конкурсқа телекоммуникациялық жабдықтар, автомобиль және вагон таразылары, құрылыс қоспалары, балалар киімдері мен ойыншықтары, дайын тағамдар, спорттық ас пен кондитерлік өнім өндірушілері қатысты. 

Байқауда «ЗГМ «Пенетрон-Казахстан» ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «Компания «ВЭЛС» ЖШС, «DANMARD» ЖШС, «Қазақ оюлары» ЖШС, «Digital System Servis» ЖШС, «Kazak House» ЖК, «Golden Rill Group» ЖШС, «Алау ТМ» ЖШС компаниялары жеңімпаз атанды.
15 шілде 2019 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031