Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жалақысы жақсы жұмыстың сапасы да жақсы болады – травматолог дәрігер

Жалақысы жақсы жұмыстың сапасы да жақсы болады – травматолог дәрігер


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облыстық аурухананың травматолог дәрігері Болатбек Биназаров мемлекеттің қуаттылығы оның қаржылық мүмкіндігімен, қызметкерлерге жағдай жасауымен өлшенеді деп ойлайды.

«Мемлекеттің қуаттылығы оның қаржылық мүмкіндігімен, қызметкерлерге жағдай жасауымен өлшенеді деп ойлаймын. Ол жағынан алғанда жылдан-жылға еліміздің экономикасы көтеріліп, мүмкіндігі ұлғаюда. Оны біздер жалақының жағдайынан да аңғарып отырмыз. Биылғы маусым айынан бастап медицина саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы 30% жоғарылады. Мен жоғары білімді дәрігермін. Жалақыма 24 мың теңге қосылды. Орта буын, кіші буын медицина қызметкерлері де еңбекақылары көбейіп, қуанышқа кенелді», - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, айлықтың жоғарылауы жұмыс сапасына да әсер ететінін айтты.
«Біздің кейбір дәрігерлер екі-үш жерде еңбек етуге мәжбүр болатын. Енді жалақың жеткілікті болса, бір ауруханада жұмыс істеп, ешжаққа алаңдамай, науқасқа барлық ынтамен қарауға мүмкіндік туды. Бір жерде атқарған жұмыстың сапасы да, берекесі де жоғары болады деп ойлаймын. Сондықтан мемлекет басшысына, жауапты азаматтарға алғысымды білдіремін», - деді Жамбыл облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Болатбек Биназаров.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 1 маусымнан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын.
11 шілде 2019 ж. 16 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

№53 (8704)

12 шілде 2019 ж.

№52 (8703)

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам