Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанды "өзгертіп", ғажайып туынды жасаған фотограф көпті тамсандырды

Нұр-Сұлтанды "өзгертіп", ғажайып туынды жасаған фотограф көпті тамсандырды


Елорда ғимараттарын айрықша етіп, ғажайып туындыға айналдырған шетелдік фотограф көпшілікті өнерімен сүйсінтті. Ол ерекше жұмыстарында елорданың бас ғимараттарын өз фантазиясы бойынша өзгерткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, ғажайып туынды авторы – Түркия елінің азаматы Біләл Арслан екен.
Ол Қазақстанда 8 жыл бойы қатарынан тұрып, бас қаладағы Nurorda мектебінде сабақ берген.
Сол уақыт аралығында талантты фотограф елорданың бас ғимараттарын Photoshop бағдарламасы арқылы ерекше туындыға айналдырып, оны желідегі парақшаларына бөлісіп отырған.
Бүгінде ол National Geographic журналында жұмыс істейді.
Біләл Арсланның Instagram парақшасында ұлттық кітапхана, ЭКСПО, Бәйтерек сынды елорданың бас ғимараттарын көруге болады.
Желі қолданушылары фотографтың өнерін жоғары бағалаған.
Олар "Өте әдемі", "Жарайсыз", "Айрықша коллаж үшін, сізге алғыс" деген пікірлерін жаудырған.
09 шілде 2019 ж. 763 0